Француз тілі

Француз тілі

Француз тілі

Курстың жалпы сипаттамасы

Француз тілінің заманауи, қызықты және әмбебап курсы тілді бастапқы және аралық деңгейде (pre-intermediate) білетін жасөспірімдерге арналған. Аталмыш курс беделді даниялық Малмберг (Malmberg) баспасның “D'accord” оқу құралына негізделіп жасалған.

Кешен барлық тілдік дағдыларды (тыңдау, оқу, сөйлеу, жазу) дамытуға арналған түрлі интерактивті жаттығулар ұсынады. Курстың дидактикалық бірліктері келесідей бағыттардан тұрады:

 

- жаңа тақырыптың презентациясына арналған материалдар;

- тақырыптарды бекітуге арналған материалдар;

- тақырыптарды қайталауға арналған материалдар;

- айтылуды жақсартуға арналған жаттығулар;

- дұрыс жазуға арналған жаттығулар.

Курс туралы қысқаша ақпарат

Француз тілі

 
Жас аралығы 12+
Деңгейлер A1, A2.1, A2.2
Интерактивті сабақтар саны 26
Интерактивті тестер саны 26
Интерактивті оқыту объектілерінің саны 700

Қосымша құралдар және артықшылықтар

Грамматикалық практикум

00 анимацияланған түсіндірме мен 350 жаттығудан тұратын La grammaire c'est facile!

Дұрыс жазу практикумы

Жиі қолданылатын 900 сөзден тұратын сөздік, әр деңгейге 300 сөз бар

A2.2 деңгейіне арналған Дұрыс айту практикумы

20 Flash ойындар

 

Кешен мыңдаған интерактивті тапсырмаларды орындау арқылы, аутентті мәтіндерді қолдану арқылы қолданушыға виртуалды тілдік ортаға белсенді түрде енуге мүмкіндік береді. Бұл заманауи курс француз тілін үйренгісі келетіндер мен өз бетінше жұмыс істеудің қызық құралын іздеп жүрген жасөспірімдер мен ересектерге арналады.

Жаңа тақырыпты таныстыру үшін қолданылатын бірегей материалдар тақырыпты тез ұғынуға көмектеседі. Сонымен бірге, курстың елтану және лингвокультурологиялық бағытындағы пайдалы мазмұны оқушының да, ұстаздың да қызығушылығын туғызады.

Тақырыпты бекітуге арналған материалдар тілдік дағдыларды дамытуға, білгілі тақырып бойынша алған білімді тексеру мен тереңдетуге бағытталған.

Курстың дидактикалық бірліктер иерархиясы келесідей деңгейлерден тұрады:

• тілдік деңгей (Level 1, 2, 3)

• бөлімдер

• сабақтар

Француз тілі

 
Деңгейлер Курстың элементтері
A1
Грамматиканы түсіндіруге арналған интерактивті сабақтар мен жаттығулар кешені
Teste-toi toi-même!
 Грамматика мен сөздік қорға арналған жаттығулар
La grammaire c'est facile! Грамматикалық практикум
Jeux Ойындар жиынтығы (6 түр)
Vocabulaire tool Дұрыс жазу практикумы
A2.1
Грамматиканы түсіндіруге арналған интерактивті сабақтар мен жаттығулар кешені
Teste-toi toi-même!
 Грамматика мен сөздік қорға арналған жаттығулар
La grammaire c'est facile! Грамматикалық практикум
Jeux Ойындар жиынтығы (6 түр)
Vocabulaire tool Дұрыс жазу практикумы
A2.2
Грамматиканы түсіндіруге арналған интерактивті сабақтар мен жаттығулар кешені
Teste-toi toi-même!
 Грамматика мен сөздік қорға арналған жаттығулар
La grammaire c'est facile! Грамматикалық практикум
Jeux Ойындар жиынтығы (6 түр)
Vocabulaire tool Дұрыс жазу практикумы

 

Методологиялық қағидалар

Қазіргі таңда интегративті білім берудің мақсаты ретінде мәдениет аралық құзыреттілікті қалыптастыру қарастырылады, яғни оқушының өзге тілде шынайы сөйлесе алу дайындығы және шет тілде сөйлейтіндермен өзара түсінісе алуға талпынуы.

Білім берудегі әдістердің жаңаруының басты позициясы жеке тұлғаны дамытуға арналған ықпалды механизмдерді жасау болып табылады. Ол өз кезегінде шет тілін оқытудағы мазмұндардың, үлгілердің және әдістердің біркелкілігінен бас тартып, олардың әралуандығына жол ашуды көздейді.

Осы орайда шет тілдерін онлайн үлгіде интерактивті курс арқылы оқытудың маңыздылығы ерекше. Қарастырылып отырған бағдарламалық өнім келесідей қағидаларға негізделеді:

табиғи сәйкестілік — бастауыш және жоғары сынып оқушыларының типологиялық ерекшеліктерін есепке алу. Осыған сүйене отырып, оқу материалдарын орналастыруда концентрлік әдіс қолданылды;

коммуникативтілік – оқушыларда тіл туралы түсінікті дамытуға, ұғымдарды түсіндіруге және оларды дұрыс қолдануға бағытталған;


когнитивтілік – оқушылардың тілдік бірліктер мен рәсімдеу ережелерінің ерекшеліктерін түсінуі және оларды сөйлеу кезінде автоматты түрде қолдануға жеткізу. Осы қағиданы жүзеге асыру оқушының оқу процесіне саналы түрде келуін және өз бетінше оқу әдістерін меңгеруін білдіреді. Тіл оқу кезінде дағдыларды қалыптастыру мен білім алу процесі терең түсінілсе, ол процестер әлдеқайда тез жүзеге асатыны белгілі;

көрнекілік қағидасы толық жүзеге асырылды. Арнайы таңдап алынған көру мен есту үлгілері (суреттер, схемалар, тақталар) оқушыларға француз тілінің дыбыс шығару мен лексика-грамматикалық нормаларын үйренуге, есту арқылы тілді түсінуге және өз ойын белгілі бір тақырып шеңберінде білдіруге көмектеседі.