Неміс тілі

Неміс тілі

Неміс тілі

Курстың жалпы сипаттамасы

Неміс тілінің заманауи, қызықты және әмбебап курсы тілді бастапқы және аралық деңгейде (pre-intermediate) білетін жасөспірімдерге арналған. Аталмыш курс беделді даниялық Малмберг (Malmberg) баспасының “Na Klar!” оқу құралына негізделіп жасалған.

Кешен барлық тілдік дағдыларды (тыңдау, оқу, сөйлеу, жазу) дамытуға арналған түрлі интерактивті жаттығулар ұсынады. Курстың дидактикалық бірліктері келесідей бағыттардан тұрады:

Неміс тілі- жаңа тақырыптың презентациясына арналған материалдар;

- тақырыптарды бекітуге арналған материалдар;

- тақырыптарды қайталауға арналған материалдар;

- айтылуды жақсартуға арналған жаттығулар;

- дұрыс жазуға арналған жаттығулар.

Курс туралы қысқаша ақпарат

- 12-16 жас аралығындағы балаларға арналған;

- A1, A2, B1 деңгейілерінен тұрады;

- Wordtrainer (сөздік) құралында 1 000-нан аса сөз бар;

- 700 аса интерактивті сюжет (скрин) қамтылған;

- неміс тілінде айтылуды жақсартуға арналған тыңдалым құралдары;

- грамматика бойынша 50-ге жуық анимациялық түсіндірмеден тұратын грамматикалық жаттығулар;

- жасөспірімдер арасындағы танымал тақырыптар мен талқылауға арналған аутентті мәтіндер;

- өткен тақырыптарды қайталап, бекітуге арналған жаттығулар;

- тиімді ындаландыру және кері байланыс жүйесі.

Кешен мыңдаған интерактивті тапсырмаларды орындау арқылы, аутентті мәтіндерді қолдану арқылы қолданушыға виртуалды тілдік ортаға белсенді түрде енуге мүмкіндік береді. Бұл заманауи курс неміс тілін үйренгісі келетіндер мен өз бетінше жұмыс істеудің қызық құралын іздеп жүрген жасөспірімдер мен ересектерге арналады.

Жаңа тақырыпты таныстыру үшін қолданылатын бірегей материалдар тақырыпты тез ұғынуға көмектеседі. Сонымен бірге, курстың елтану және лингвокультурологиялық бағытындағы пайдалы мазмұны оқушының да, ұстаздың да қызығушылығын туғызады.

Тақырыпты бекітуге арналған материалдар тілдік дағдыларды дамытуға, білгілі тақырып бойынша алған білімді тексеру мен тереңдетуге бағытталған.

Курстың дидактикалық бірліктер иерархиясы келесідей деңгейлерден тұрады:Неміс тілі

• тілдік деңгей (Level 1, 2, 3)

• бөлімдер

• сабақтар

Методологиялық қағидалар

Қазіргі таңда интегративті білім берудің мақсаты ретінде мәдениет аралық құзыреттілікті қалыптастыру қарастырылады, яғни оқушының өзге тілде шынайы сөйлесе алу дайындығы және шет тілде сөйлейтіндермен өзара түсінісе алуға талпынуы.

Білім берудегі әдістердің жаңаруының басты позициясы жеке тұлғаны дамытуға арналған ықпалды механизмдерді жасау болып табылады. Ол өз кезегінде шет тілін оқытудағы мазмұндардың, үлгілердің және әдістердің біркелкілігінен бас тартып, олардың әралуандығына жол ашуды көздейді.

Осы орайда шет тілдерін онлайн үлгіде интерактивті курс арқылы оқытудың маңыздылығы ерекше. Қарастырылып отырған бағдарламалық өнім келесідей қағидаларға негізделеді:

табиғи сәйкестілік — бастауыш және жоғары сынып оқушыларының типологиялық ерекшеліктерін есепке алу. Осыған сүйене отырып, оқу материалдарын орналастыруда концентрлік әдіс қолданылды;

коммуникативтілік – оқушыларда тіл туралы түсінікті дамытуға, ұғымдарды түсіндіруге және оларды дұрыс қолдануға бағытталған;


когнитивтілік – оқушылардың тілдік бірліктер мен рәсімдеу ережелерінің ерекшеліктерін түсінуі және оларды сөйлеу кезінде автоматты түрде қолдануға жеткізу. Осы қағиданы жүзеге асыру оқушының оқу процесіне саналы түрде келуін және өз бетінше оқу әдістерін меңгеруін білдіреді. Тіл оқу кезінде дағдыларды қалыптастыру мен білім алу процесі терең түсінілсе, ол процестер әлдеқайда тез жүзеге асатыны белгілі;

көрнекілік қағидасы толық жүзеге асырылды. Арнайы таңдап алынған көру мен есту үлгілері (суреттер, схемалар, тақталар) оқушыларға неміс тілінің дыбыс шығару мен лексика-грамматикалық нормаларын үйренуге, есту арқылы тілді түсінуге және өз ойын белгілі бір тақырып шеңберінде білдіруге көмектеседі.