Мектепке дайындық

Мектепке дайындық

Мектепке дайындық. Назарларыңызға білім беруге арналған, технологиялар саласындағы халықаралық ең жоғары бағаға ие болған мектеп жасына дейінгі және арнайы көмекке зәру балаларға арналған интерактивті оқыту курсын ұсынамыз.

Оқыту кешенінің жалпы сипаттамасы

Мамандардың оң бағасына ие болған және түрлі конкурстарда жеңімпаз атанған аталмыш сандық мультимедиалық кешен мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытуға, балаларды мектептке дайындауға, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балалармен терапевттік сабақтар өткізуге арналған.

Кешен бірі-бірімен байланысқан, білім беру мекемесінің қабырғасында (тәрбие беру/дамыту) және үйде қолдануға бағытталған курстардың жиынтығынан тұрады. Аталмыш курста баланың мектепке дейінгі дамуындағы маңызды тұстарына кешенді түрде қолдау көрсету, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балалар мен мектеп жасына дейінгі балалардың өсуіндегі кешеуілдеу мен ауытқулардың алдын алу арналған терапевттік компонент қарастырылған.

Кешен балаларға қоршаған ортамен танысуға көмектесетін 4000 аса түрлі ресурстан тұрады.

Кешеннің құрылымы

Мектепке дайындық

Логоритмика

Жаттығулар

- Айтылатын дыбыстар және сөздер

- Дауыстың қаттылығы

- Төменгі және жоғары тондағы дыбыстар

Мектепке дайындық

Жаттығулар

- Бағалау

- Есту және тілдік қабілеттер

- Қозғалыстық қабілеттер

- Көру арқылы қабылдау

- Математикалық қабілеттер

 

Тәй-тәй

Бөлім бойынша жаттығулар

- Себеп-салдарлық байланыстарды орнату қабілеті

- Көру арқылы қабылдау, визуалды моторика және координация

- Есту арқылы қабылдау, есту моторикасы және координация

- Аудио-визуалды моторика және координация

- Графомоторика қабілеті

- Математикалық қабілеттер

- Табиғатпен танысу

- Кеңістіктік қабылдау

- Ойлай алу қабілеті

- Әлеуметтік қабілет

- Моторика және қосымша жаттығулар

Қосымша материалдар

Сөйлейтін суреттер

Жаттығулар

- Сөздер, дыбыстар және ономатопеи

- Ойындар және жаттығулар

Қосымша материалдар

Сөз ойындары

Жаттығулар

- Сөйлеуді дамыту

- Сөйлесу қабілеті (коммуникации)

Қосымша материалдар

Қара да айт 1-қадам

Жаттығулар

- Ойыншықтар

- Құралдар

- Дене бөліктері

- Түстер

- Үй жануарлары

- Хайуанаттар бағындағы жануарлар

- Ормандағы жануарлар

- Үй

- Жиһаз

- Тұрмыстық заттар

- Тұрмыстық техника

- Киім-кешек

- Мектепке арналған құралдар

- Отбасы

- Эмоциялар

Қосымша материалдар

 

Қара да айт 2-қадам

Жаттығулар

- Көкөністер

- Жемістер

- Тәттілер

- Тағамдар және сусындар

- Ауа-райы

- Транспорттық құралдар

- Уақыт

- Мамандықтар

- Спорт

- Көмексі сөздер

- Есімдіктер

- Сын есім

- Үстеу

- Етістік

- Сөздердің тематикалық тізімдері

Қосымша материалдар

Логоритмика

Бөлім бойынша жаттығулар

- Айтылатын дыбыстар және сөздер

- Дауыстың қаттылығы

- Төменгі және жоғары тондағы дыбыстар

Қосымша материалдар

Мектепке дайындық

Бөлім бойынша жаттығулар

- Бағалау

- Есту және тілдік қабілеттер

- Қозғалыстық қабілеттер

- Көру арқылы қабылдау

- Математикалық қабілеттер

Қосымша материалдар

 

Кешенге қосылған материалдар балаларда, МЖМБС-ның мектепке дейінгі тәрбиелеу және білім беру талаптарында көрсетілген қабілеттер мен құзыреттердің қалыптасып, дамуына бағытталған. Атап айтсақ:

• денсаулықты сақтау құзыреті;

• тілдік-коммуникативтік құзыреті;

• танымдық құзыреті;

• шығармашылық құзыреті;

• әлеуметтік құзыреті.

МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДЫҚ бұл – бала бойындағы себеп-салдарлық байланысты орнату, көру, есту және кеңістік арқылы қабылдау, математикалық ойлану, әлеуметтік жүріс-тұрыс және ойлану секілді негізгі қабілеттерді дамытуға арналған қызықты, заманауи оқыту кешені.

«Тәй-тәй» - баланың қабылдау қабілетін ой-өрісін кеңейтіп, қабылданған білімдері мен әсерлерін реттеуге және топтауға мүмкіндік бере отырып стимуляциялау. Сонымен қатар, ресурс логикалық ойлау және өзге де практикалық қабілеттерді, зейінді, сөйлеуді және дыбыстарды тануға көмектеседі.

Лого-ойындар – интерактивті әрі қызықты жаттығулардың жиынтығы балалардың дыбыстарды шығару, дыбыстарға деген сезімталдықты арттыру, ритмді, жылдамдықты, дыбыстың қаттылығын, интонацияны, модуляцияны және сөйлеу тонын қадағалау секілді сөйлеудің маңызды бөліктерін дамытуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бағдарлама баланың есту қабілетін, көру-моторлы және есту-моторлы координациясын дамытады.

Сөйлейтін суреттер. Бағдарламаның мақсаты балаларды қызықты оқу процесіне тарта отырып, баланың сөйлеу мүшелерінің дамуы мен тілдік дамуына табиғатта кездесетін түрлі дыбыстар мен сол дыбыстарға сәйкес иллюстрациялардың ассациациялары арқылы көмектесу. Балаларды суреттерді бір-бірінен ажырата алуды үйреніп, фонетикалық қабілеттерін иммитация арқылы қалыптастырады. «Сөйлейтін суреттер» бағдарламасы дауысқа еліктеу сөздері мен сөз тіркестерін қолдану арқылы тыныс алу, дыбыс шығару, интонация, фонематикалық қабылдау және сөйлем мүшесінің координациялық артикуляциясы сияқты сөйлеу мүшесінің барлық функцияларын дамытуға арналған.

Сонымен қатар ол антонимдер, түстердің, музыкалық аспаптардың, жануарлардың және табиғат құбылыстарының атауы секілді лингвистикалық санаттарды оңай әрі қиындықсыз жаттауға мүмкіндік береді.

Сөз ойындары — тіл үйренудің лексикалық, грамматикалық, экспрессивтік және прагматикалық аспектілерін дамытуға бағытталған қосымша. Қосымша қоршаған әлемді түсінуді және қабылдауды, сонымен қатар өзінің әлеуметтік деңгейінде ойын және көргенін жеткізуді жеңілдететін интерактивті сценарийлерден тұрады. Бұл бағдарлама тілді үйренуде тиімді құрал бола алады. Бұдан өзге, «Сөз ойындары» әлеуметтік және тілдік, ойлану қабілеттерін, сондақ-ақ кеңістік, есту және фонологиялық қабылдауларын дамытуға ықпал етеді.

Қара да айт – балалардың сөздік қорын және коммуникативті қабілеттерін дамытуға арналған бағдарлама. Балалар интерактивті аудио- және видеоматериалды қолданудың және оқып үйренудің арқасында дыбыстарды бөлек бір әріптермен ассоциация жасауды емес, тұтас сөздерді тануды және жаттауды үйренеді.

Бағдарлама балаларды жаңа сөздермен қызықты әрі интерактивті аудиоматериалдар мен суреттердің көмегімен таныстыруға бірегей мүмкіндік береді.

Логоритмика – балаларға музыканың көмегімен ойнауға және оқуға мүмкіндік беретін бірегей курс. Курс балаларды музыка шығарудың шығармашылық процесіне еліктерді.

«Логоритмика» баланың сөйлеу қабілеттерін дамытуда және сөйлеудің көшеуілдеуін алдын алуда музыкалық терапияның элементтерін қолданады.

Бағдарлама есту-моторлы координацияны және дыбысқа деген сезімталдықты дамыту мен сөйлеу жылдамдығымен жұмыс істеуге көмектеседі. Сонымен қатар бағдарлама моторлы, есту және музыкалы-сөйлеу қабілеттерін стимуляциялау арқылы баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз етіп, бастапқы музыкалық білім беруге қосымша материал бола алады.

Мектепке дайындық – бағдарлама мұғалімдер мен ата-аналарға балаларды мектепке дайындауға арналған. Сонымен қатар бағдарламны бірінші сыныпқа енді ғана барған балалар қолдана алады. Бағдарлама төрт пен алты жастаға балаларға есептелген. Бағдарламаға енген материалдар баланың мектепке дейінгі дауына қажет барлық қабілеттері мен дисциплиналарын қамтиды. Тәрбиешілер және ата-аналар бағдарламаны баланың тілдік пен моторлы қабілеттерін, есту мен көру арқылы қабылдау қабілеттерін дамыту мен жаттықтыруға, сондай-ақ бастапқы математиканы үйретуге қолданса болады.

Курстың артықшылықтары:

• әрбір тақырыпқа арналған иллиюстраяциялар;Мектепке дайындық

• басып шығаруға арналған қосымша материалдар, есте сақтау қабілетін жаттықтыруға арналған карточкалар, бояуға арналған суреттер;

• ұстаздар мен терапевтерге арналған сабақтардың толық жоспары;

• дауыс көмегімен элементтерді басқаруға мүмкіндік беретін қызықты интерактивті ойындар;

• есту және көру комнинацияларының бағдарламамен керемет әрекеттесуі;

• көңілді әрі қызықты графика және навигациядағы оңайлық;

• басып алуға болатын өлеңдер, жаттауға арналған карточкалар

• мәтінін қосуға және өшіруге болатын нақты аудионұсқаулықтар

• сөздік қорды дамытуға арналған мультимедиялық материалдар жиынтығы

• ым-ишара тілі мен ерін арқылы оқуды үйрететін видеороликтар

• құлағы нашар еститіндерге толерантты қарым-қатынас жасауды қалыптастыру;

• суретті әрі дыбысталған қызықты оқиғаларды жасауға арналған таңғажайып интерактивті модуль;

• алдыңғы қатарлы технологиялар – атап айтқанда, жеке мелодияларды жасауға мүмкіндік беретін виртуалды пернетақта, гамма және нотаның ұзақтығы сияқты ұғымдармен танысуға мүмкіндік беретін ойындар.