Физика

Физика

ФИЗИКА: қызықты, заманауи, қолжетімді

Курстың сипаттамасы

Физиканы оқытуға арналған бірегей интерактивті кешен халықаралық методист ғалымдарының, алдыңғы қатарлы пән мамандарының, ұстаздардың, бағдарламалаушылар мен аниматорлардың ұжымымен жасалған. Кешен мектеп бағдарламасындағы физика пәнінің 7 пен 11 сыныптар арасындағы курсын қамтиды және Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жасалған.

Курстың негізіне білім беру контентін жасаумен айналысатын Европаның алдыңғы қатарлы компаниясының (SANOMA, Финляндия) материалдары алынды және курс мектеп бағдарламасына қойылатын K12 халықаралық стандартына сәйкес дайындалған.

Кешеннің мақсаты – фундаменталды физикалық заңдар мен ұғымдарды, теорияларды, классикалық және заманауи физиканың әдістерін тиімді түсінуге жағдай жасау.

Курстың міндеттері

- ұстаздарға сабақтарын қызықты әрі тиімді етуге көмектесу;

- оқушыға ыңғайлы әрі заманауи құралдардың көмегімен пәнді өз бетімен оқуға мүмкіндік жасау;

- физиканы үйде және мектепте оқыту мақсатында ИКТ (инфо-коммуникативті технологиялар) құралдарын тиімді пайдалану үшін жағдай жасау (интерактивті тақта, проектор, компьютер, портативті және планшетті құралдардың, смартфондардың көмегімен интернет арқылы немесе локалды түрде қолжетімді физика курсы).

Курстың артықшылықтары

Көптілді білім беруді дамыту бағдарламасына сәйкес кешен казақ, орыс және ағылшын тілдерінде жасалды. Курстың ағылшын тіліндегі нұсқасы халықаралық K12 бағдарламасына бағытталып жасалған және талапкерлерге халықаралық тестерге дайындалуға және ағылшынтілді оқу орындарына түсуге көмектеседі.

Оқу контентін жасауға арналған алдыңғы қатарлы платформа (mAuthor) негізінде жасалған кешен жоғары деңгейлі интерактивтілігімен ерекшеленеді және барлық үлгідегі құрылғылар мен операциялық жүйелерде жұмыс істейді.

Курс анимациялық презентациялардың, видеороликтер мен видео түсіндірмелердің, мультимедиалық слайд-шоулардың, интерактивті жаттығулардың, үш өлшемді моделдердің, диаграммалардың, схемалардың, иллюстрациялардың, физикалық симуляторлар мен тренажерлардың комбинациясынан тұрады.

Курстың мазмұныФизика

Курс келесідей базалық дидактикалық талаптарға негізделеді:

- оқу материалы заманауи ғылымның жағдайын ескеруі тиіс;

- ғылыми-техникалық тапсырмаларды шешуге қажет негізгі амалдар мен әдістерді қалыптастыру;

- оқушыларды заманауи ғылыми-зерттеу құрылғылары мен өлшеу аспаптарымен таныстыру;

- оқушыларды физиканың тарихымен, заманауи физиканың негізгі бағыттары және даму тенденцияларымен таныстыру;

- оқу материалының көмегімен ғылыми-жаратылыстану және физикалық ойлауды қалыптастыру;

- пәннің басқа ғылымдармен байланысын көрсету.

Интерактивті курсты құрастыру барысында сызықтық әдіс қолданылды. Көптеген дәстүрлі оқыту материалдарын жасау кезінде қолданылатын спираль әдісінен бас тарту сызықтық әдістің әмбебаптығымен түсіндіріледі. Таңдалған модель пәннің барлық бөлімдерінің әрбір тақырыбын бөлек терең дайындалған сабақ ретінде толық қамтуға мүмкіндік берді.

Курс өткен тақырыптарды жақсы жаттау мен тиімді түсінуге көмектесетін, математикалық қабілет пен ойлауды дамытатын интерактивті сабақтардан тұрады. Сабақтар мультимедиалық иллюстрациялардан, виртуалды практикалық жаттығулар мен білімді тексеруге арналған тапсырмалардан құрастырылған.

Әр сабақ логикалық аяқталған материалы бар тұтас қадамнан тұрады. Әр қадам ақпараттық, операциялық, кері байланыс, бақылау және көрсету секілді бес кадрден тұрады. Курсты оқу процессінде оқушы жіберген қателіктері жөнінде ақпарат алады және соның көмегімен білмейтін сабақтарын қайталап, жіберген қателерін жөндей алады.

Оқушыға курс не береді?

Біздің интерактивті курстарды индивидуалды түрде оқу барысында оқушы өз бетінше жұмыс істеуге және шығармашылық ізденіске мүмкіндік алады. Бұл жерде өтілген материалды толық меңгергенше кез келген тақырыпқа шексіз қайта оралу және қайталау мүмкіндігі үлкен рөл ойнайды.

Аталмыш жеке жұмыс мұғалім мен топттық жұмыстың маңыздылығын әсте жоққа шығармайды, қайта ол сол мұғалімнің ұйымдастырылуымен жүзеге асатын жұмысты толықтырады және қолдайды.

Осылайша оқушы жаңа тақырыптарды қарау арқылы келе жатқан сабақтарға дайындалады немесе интерактивті ресурсты алған білімін қайталау мен бекіту мақсатында қолдана алады.

Кешен әр оқушының мүмкіндіктерін, психологиялық ерекшеліктерін, оқу стилі мен талғамын ескере отырып индивидуалды білім беру траекториясын жасауға мүмкіндік береді.

Курс мұғалімге не ұсынады?

Интерактивті курс мұғалімге де зор мүмкіндіктер береді. Кәсіби түрде жасалған мультимедиалық түсіндірулерден, көрнекі материалдар мен виртуалды есеп кітаптарынан тұратын плей-лист күйіндегі дайын инновациялық сабақ жоспарларын қолданудың арқасында сыныптағы жұмысты түрлендіріп, барша оқушының назарын сабаққа бұруға көмектеседі.

Кешеннің құрылымы жаңа тақырыпты қызықты әрі түсінікті түрде баяндауға, түрлі практикалық жаттығулардың көмегімен алынған білімді бекітуге, сондай-ақ түрлі бақылау тапсырмалары арқылы оқушылардың үлгерімін тексеруге мүмкіндік береді.

Кешеннің техникалық артықшылықтары:

Физика• білім берудің әрбір кезеңі туралы толық ақпарат беретін көпфункционалды есеп беру мен кері байланыс жүйесі;

• интерактивті тақталар мен проекторлардың барлық түрлерімен үйлесімді;

• халықаралық SCORM стандартына сәйкес;

• операциялық жүйелер мен браузерлердің барлық түрлерімен үйлесімді;

• HTML5 технологиясының арқасында курс барлық стационарлы және мобилді компьютерлермен үйлесімді;

• онлайн немесе жергілікті жүйеге негізделген кез келген құрылғының архитектурасы мен конфигурациясын қолдайды;

• түрлі платформалармен үйлесімдігі және контент адаптациясының XML-технологиясының көмегімен оңай жүзеге асуы.