Кіру

1. Дулат Бабатайұлы. «Аягөз, қайда барасың?» толғауы

  • 1. Дулат Бабатайұлы. «Аягөз, қайда барасың?» толғауы-1
  • 1. Дулат Бабатайұлы. «Аягөз, қайда барасың?» толғауы-2
  • 1. Дулат Бабатайұлы. «Аягөз, қайда барасың?» толғауы-3
  • 1. Дулат Бабатайұлы. «Аягөз, қайда барасың?» толғауы-4
  • 1. Дулат Бабатайұлы. «Аягөз, қайда барасың?» толғауы-5
  • 1. Дулат Бабатайұлы. «Аягөз, қайда барасың?» толғауы-6
  • 1. Дулат Бабатайұлы. «Аягөз, қайда барасың?» толғауы-7
  • 1. Дулат Бабатайұлы. «Аягөз, қайда барасың?» толғауы-8
  • 1. Дулат Бабатайұлы. «Аягөз, қайда барасың?» толғауы-9
  • 1. Дулат Бабатайұлы. «Аягөз, қайда барасың?» толғауы-10
Дулат Бабатайұлы 1802 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Сандықтас қонысында дүниеге келген. Ол өз заманының көрнекті ақыны. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған. 1880 жылы Қазанда жарық керген «Өсиетнама» деген жинағына ақынның замана туралы толғаулары енген. Өмірі туралы деректер толық зерттелмеген. Өлеңдері ел ішіне ауызша және қолжазба түрінде таралған. Кейбір өлеңдері Қазан қаласынан 1880 жылы алғаш рет “Өсиетнама” деген атпен жеке кітап болып жарық көрген. Жинаққа ақынның сол кезеңдегі қазақ елінің саяси-әлеуметтік өмірін шыншылдықпен жырлаған ой-толғаныстары енген. 1874ж. дүние салған. Ақынның кейбір өлеңдері “XVІІІ — XІX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары” (1962) деген жинақта, кейін “Үш ғасыр жырлайды” ( 1965) жинағында басылып шықты. Ал, “Еспембет” поэмасы алғаш рет 1957 жылы “Жұлдыз” журналының 5-нөмірінде жарияланды. Ақынның жеке жыр жинағы “Замана сазы” деген атпен 1991 жылы жарық көрді. Дулаттың өлең-жырларының басты сарыны — ХІХ ғ. алғашқы жартысындағы отаршылдық әрекеттерге рухани қарсылық көрсету. Ақын “Тегімді менің сұрасаң”, “О, Сарыарқа, Сарыарқа”, “Асқар таудың сәні жоқ”, т.б. жырлары мен жеке кісілерге айтқан “Сүлейменге”, “Бараққа”, “Кеңесбайға”, «Аягөз қайда барасың» т.б. арнау, толғаулары қазақ жерінің отарлануын ащына жазды. Дулат өзінің “елге қорған ер туса” деген идеясын халыққа жеткізу үшін, қазақ-қалмақ соғысы тұсындағы сюжетті алып, “Еспембет” поэмасын жазған. “Еспембет” жанрлық ерекшелігі жағынан батырлық эпосқа жақын. Мұхтар Әуезов Дулатты ғылыми зерттеулерінде, “Абай” романында Барлас бейнесімен жоғары бағалайды. Дулат мұрасы жөніндегі ғылыми таным мен дұрыс баға ғалым Қ.Өмірәлиевтің “Қазақ поэзиясының жанры мен стилі” деп аталатын көлемді монографиясында көрініс тапты.

XIX ғасырдың орта тұсына қарай патша отаршылдары елді ата қонысынан шетке сырған кезде шығарған өлеңдерінде туған жердің ендігі тағдыры үшін қан жылаған ақын жүрегінің күйініші үлкен суреткерлік қуатпен бейнеленген. Дулат өзінің "О, Сарыарқа, Сарыарқа!", "Ақжайлау мен Сандықтас" деген жырларында өзі туған өңірдің көркем келбетін кестелі тілмен суреттейді. Ақын бұл өлеңіндерінде астарлап жеткізген жайларын "Аягөз" атты өлеңінде ашып айтты. Ақын – қазақ даласының кіріптарлық, халықтың шұрайлы, сулы қоныстарынан ығыстырылып, өз жері, өз елінде өгей жетімнің күйіне түскенін көрмей, айтпай, тек Аякөзін тамылжыта жырына қосса, әрине, оғаш, түсініксіз, ал атамның қонысын өзгеден қызғана сүйдім десе, жалған болар еді. «тауды екіге жарасың, арнаң қалды осылып. Тастың қашап арасын, күркіреген үніңнен, кесіп өтіп кезеңді, аңдар қашты шошынып. Аягөз қайда барасың?.. Дулат "шалқып шапқан жүйріктей" Аягөз өзені мен оның шүйгін де жемісті өңірін маржандай таза шұрайлы тілмен бедерлеген құлпырған суреттермен оқырмандарын елітіп келеді де, кенет сөз арнасын кілт бұрып: «Айтуға ауыз келе ме, Аягөз кімнің жері еді? – деп, Аягөздің бүгінгі күніне оралтады. Шығарманың идеялық мазмұны: дүние өзгерді, жер,су, адам,әкім-бәрі азды,тозды,бұзылды;енді бұл дүниені өзгертпесе, қазақтың бағы ашылмайды деген түсінік. Туған жердің қасіретін көру, арқыраған Аягөздің сол кездегі аянышты халін ақын ретінде жан-жүрегімен езіле егілу өкінішімен ұштасып жатады. Туған өлкесінің сұлу табиғатын ардақтап, өзін соны қорғаған қызғышқа теңейді. Осындай жердің өзінікі екеніне қуана, бақытты сезімге бөленіп отырған ол табан астында сол асылынан айырылып, пұшайман күйге түседі. Осының бәріне мойындарына жезден қарғы таққан би, старшындар мен ұлықтарға "жағымды болған" аға сұлтан, қазылар кінәлі екеніне ызаланған ақын мысқылмен «Бейнең қандай болды екен: қарасаңшы бір мезгіл, қолдарыңа айна алып, – дейді өзін тыңдап отырғандарға. Елін, жерін жанындай жақсы көріп, оның тағдырын ойлап, күйзелген ұлы жырау тек шындықты, шынайы сезімді бейнелейді. Оның туған жер туралы толғауларының тарихи мәні де, тәрбиелік кұндылығы да сонда.
36200
134
Тэгтар
Free
Қазақ әдебиетінің аудиохрестоматиясы
Қате туралы хабарландыру