Инклюзивті курс

1-қадам

Курс туралы

Сапалы және толыққанды білім алуға әр баланың құқығы бар. Арнайы инклюзивті онлайн-курстарда көмекке мұқтаж балаларға айрықша көңіл бөлінеді.

Инклюзивті онлайн-оқыту

Айрықша көңіл бөлуге мұқтаж балаларға арналған онлайн-сабақтар қажет ақпаратты қызықтыра отырып тиімді жеткізуге бағытталған. Инклюзивті видеосабақтар курсы негізгі ұғымдарды ойын түрінде түсіндіреді.

Бірнеше сабақтан тұратын инклюзивті онлайн-білім беру блогы баланы мына ұғымдармен таныстырады:

  1. ойыншықтар;
  2. жануарлар;
  3. түстер;
  4. дене мүшелері;
  5. жиһаздар;
  6. киімдер;
  7. мектеп құралдары.

Бұл сабақтарда қандай да бір заттың негізгі қасиеттері балаға түсінікті, қарапайым әдіспен таныстырылады.

BilimLand платформасындағы қашықтан білім беру

Bilimland.kz онлайн-сервисі – Қазақстанағы барлық балаға ашық білім беру платформасы. Қашықтан оқыту бағдарламасына арнайы инклюзивті курс енгізілген.

Бұл блоктағы сабақтар оқыту барысында көбірек көңіл бөлуге мұқтаж балаларға арнап жасалған. BilimLand – балалар мен ата-аналарға қолайлы оқыту жүйесі.