Инклюзивті курс

2-қадам
Курс туралы

Инклюзивті онлайн-оқыту балалардың даму ерекшелігін ескере отырып арнайы жасалған. Қызықты видеосабақтар жаңа ұғымдарды үйрену барысында уақытты тиімді әрі қызықты өткізуге мүмкіндік береді.

Инклюзивті онлайн-сабақтардың екінші кезеңі

Онлайн-білім беру бағдарламасын әзірлеу барысында біз инклюзивті курсқа ерекше назар аудардық. Ол қоршаған ортаның ерекшеліктерін сатылап тануға көмектесетін бірнеше кезеңнен тұрады.

Инклюзивті онлайн-сабақтардың екінші кезеңі мына тақырыптарды меңгеруге арналған:

  1. ауа райы;
  2. отбасы;
  3. көгөністер;
  4. жемістер;
  5. көліктер;
  6. тамақ, тәтті-дәмді, сусындар;
  7. мамандықтар;
  8. спорт.

Арнайы әзірленген бұл сабақтарда баланың даму ерекшелігі ескерілген. Соның арқасында баланың сабаққа ынтасы артып, қажет білімді біртіндеп игере береді.

BilimLand – қашықтан оқыту мектебі

Bilimland.kz – Қазақстанда қашықтан оқытудың әбден ойластырылған ұтымды нұсқасы. Біз әр баланың бойындағы дағдыларды дамытуға күш саламыз. Осы мақсатта біздің педагогтар арнайы инклюзивті курс әзірледі. Бұл курс материалды игеруге көп уақыт қажет ететін балаларға өзінің тең құрбылары секілді тиімді оқуға мүмкіндік берді.