Мектепке дайындық

Бағалау
Курс туралы

Онлайн-оқыту қызметі – баланы мектепке дайындауда ата-аналар үшін таптырмас көмекші. Ерекше тәсілдер мен қызықты видеосабақтар балаға ойнап отырып оңай оқуға мүмкіндік береді.

Баланың білімі мен дағдыларын бағалау

Қажетті жұмыс жүктемесі мен онлайн-білім беру курсындағы тақырыптарды таңдау – маңызды қадамның бірі. Өйткені баланың жаңа ақпаратты қаншалықты толық әрі тиімді меңгергені онлайн-курстардың күрделілігі мен құрылымына байланысты. Сондықтан біз онлайн-сабақтарды таңдар алдында баланың білімі мен дағдысын тексеруге ерекше мән бердік. Сондай-ақ оны сабақтан кейін де бағалауға болады, мұндайда оқу үдерісі қаншалықты қарқынды екені көрінеді.

Арнайы сұрақтар мен тапсырмалар баланың:

  1. сөйлеу және сөйлеуді дамыту дағдыларын;
  2. есту дағдыларын;
  3. қозғалыс дағдыларын;
  4. көру дағдыларын;
  5. кеңістікте бағдарлау дағдыларын;
  6. математикалық дағдыларын;
  7. эмоционалдық және әлеуметтік дағдыларын бағалауға көмектеседі.

Мұндай тестілеу онлайн-оқытудың дәл сіздің балаңызға сай келетін ұтымды бағдарламасын таңдауға көмектеседі.

BilimLand – қазіргі заманғы қашықтан оқыту мектебі

Bilimland.kz – Қазақстанағы ең ірі онлайн-оқыту қызметі. Біздің педагогтарымыз тек қызықты сабақтарды ғана емес, сондай-ақ білімді әділ бағалау жүйесін әзірледі. Бұл тәсіл баланың әлсіз және мықты жақтарын анықтап, нақты бір тақырыпқа күш салуға, белгілі бір дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.