Мектепке дайындық

Лингвистикалық және есту дағдылары
Курс туралы

Сөйлеу және есту қабілетін жетілдіру – онлайн-оқытуда басты назар аударатын бағыт. Қажет дағдыларды арнайы онлайн-сабақтар мен жаттығулар да дамыта алады.

Сөйлеу мен естуді дамытатын жаттығулар

Мектеп оқушыларын даярлау бойынша онлайн-курстар – тақырыптық топтарға бөлінген сабақтар мен жаттығулар жиынтығы. Сөйлеу мен естуді дамытатын видеосабақтар баланы сөйлеудегі негізгі ұғымдармен қызықты ойын түрінде таныстырып, ол ұғымдарды есту арқылы қабылдауды үйретеді.

Блок төмендегі берілген бағыттарды меңгеруге арналған тапсырмалардан тұрады:

  1. сөздер мен сөйлемдерді талдау;
  2. есту жады және себеп-салдар байланысы;
  3. сөйлемді есту арқылы қабылдау;
  4. артикуляция;
  5. сөз құрастыру.

Онлайн-білім беру жүйесіндегі бұл сабақтар мектепке барар алдында баланың қажетті дағдыларын қалыптастырады.

BilimLand-тегі қашықтан білім беру

Bilimland.kz қашықтан оқыту қызметі – Қазақстандағы аса қуатты онлайн-мектеп. Білікті ұстаздардың соңғы үлгідегі әдістемелер мен тәжірибелерді қолдана отырып әзірлеген сабақтары балаларға жаңа ақпаратты тез әрі терең меңгеруге жағдай жасайды.

Есту мен сөйлеу қабілетін дамытатын сабақтарға біздің порталымызда айрықша көңіл бөлінген. Арнайы жаттығулар мен тапсырмалар жиынтығы ата-аналарға баланың даму деңгейін бағалауға, ал балаларға қажет материалды көңілді де қызықты игеруге мүмкіндік береді.