Мектепке дайындық

Моторикалық дағдылар

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сараптамасынан өтіп, білім беру мекемелерінде қолдануға ұсынылады
Буйрықты көру

Курс туралы

Балаларға арналған онлайн-оқыту – балаларға керек білім берудің тиімді құралы. Ойын түріндегі онлайн-оқытудың арқасында тақырыпқа терең бойлаған балалар сабақты ынтамен оқып, тез меңгереді.

Ұсақ және жалпы моториканы дамыту

Қашықтан білім беру негізгі пәндер ойынша видеосабақтар кешені ғана емес. Ол баланың физикалық дамуына да пайдалы. Ұсақ және жалпы моториканы дамытуға бағытталған видеосабақтар блогы баланың бойында бар дағдыларды жетілдіруге де көмектеседі.

Моторика негізінен екі түрге бөлінеді:

  1. жалпы – негізгі қимылдар: жүгіру, жүру, бұрылу, еңкею;
  2. ұсақ – ұсақ заттармен жұмыс істеу, бұл көзбен және қолмен үйлестіру сияқты белгілі бір дағдыларды талап етеді.

Ойын түрінде әзірленген арнайы жаттығулар мен тапсырмалардың арқасында ұсақ және жалпы моториканы дамытуға бағытталған онлайн-курсты бала еш қиналмай меңгереді.

BilimLand платформасындағы онлайн-білім беру

Bilimland.kz сайты – Қазақстандағы ең ірі қашықтан оқыту қызметі. Педагогтарымыз дайындаған жаттығулар мен тапсырмалар баланы барлық салада дамытады. Біз ұсақ және жалпы моториканы дамытуға ерекше назар аудардық. Қашықтан оқыту – баланы жалықтырмай, қарапайым амалдармен қажет дағдыларын дамытатын тәсіл.