Мектепке дайындық

Математикалық дағдылар
Курс туралы

Математика бойынша онлайн-курстар балаңызға керек білімді ойнап отырып оңай меңгеруге көмектеседі. Қызықты әрі тиімді видеосабақтар қажет ақпаратты қабылдауға жеңіл болатын ойын түрінде жеткізеді.

Математикалық онлайн-сабақтар

Онлайн-оқыту – мектепке дайындаудың дәстүрлі әдістеріне тиімді балама. Онлайн-сабақтар мектепке дейінгі балалардың жас ерекшелігін ескере отырып әзірленген, сондықтан балаларды қызықтырады, бірақ қинамайды.

Қызықты видеосабақтар баланы математикадағы негізігі ұғымдармен таныстырады:

  1. дене және кеңістікте бағдарлау;
  2. ұзындығы, биіктігі, ені;
  3. уақыт пен оның өтуі;
  4. қарапайым геометриялық фигуралар;
  5. 1-ден 10-ға дейін санау;
  6. ортақ белгілеріне қарай санаттарға бөлу.

Онлайн-оқытуда математикалық білімді дамыту өте маңызды. Өйткені арифметика мен геометрияның кіріспесін меңгеруден бөлек, баланың логикалық ойлау жүйесі де жетіледі.

BilimLand – қазірдің өзінде болашақ мектебі

Bilimland.kz порталы – өзінің қашықтан оқыту бағдарламасы мен әдістемесін әзірлеген Қазақстандағы тиімді білім беру алаңы.

Математика блогы – баланы математикадағы негізгі ұғымдармен таныстыратын қызықты логикалық және математикалық тапсырмалар кешені. BilimLand-тегі қашықтан оқыту – балалар мен ата-аналар үшін тиімді құрал.