Мектепке дайындық

Есту жаттығулары
Курс туралы

Онлайн-оқыту – балалар үшін қызықты бағдарламар таңдау мүмкіндігі. Қызықты видеосабақтар, жұмбақтар мен тапсырмалар балаға ақпаратты жеңіл әрі жылдам игеруге көмектеседі.

Баланың есту қабілетін дамытатын жаттығулар

Мектепке дейінгі дайындық бойынша онлайн-курстар болашақ оқушыны толық және үйлесімді дамытуға бағытталған. Әр онлайн-сабақ балаға қандай да бір сөйлеу, есту, көзбен көру ерекшеліктерін таныстыру үшін жасалған.

Есту қабілетін дамыту сабақтары балалар үшін айрықша қызықты әрі пайдалы. Видеосабақтарды бітірген соң бала мынадай ұғымдарды біледі:

  1. ырғақ;
  2. жиілік;
  3. тембр;
  4. динамика;
  5. акцент;
  6. артикуляция;
  7. әуен.

Сондай-ақ бұл сабақтар есту сезімталдығын дамытуға көмектеседі.

Жаңа буындағы BilimLand мектебі

Bilimland.kz білім беру платформасы – Қазақстандағы ең озық қашықтан оқыту мектебі. Қазір, қашықтан оқыту әдісі кең тарала бастаған кезде дұрыс педагог таңдау аса маңызды. Сол себепті біздің мұғалімдер сабақ дайындау барысында білім берудегі заманауи әдістер мен жаңа тәжірибелерді кеңінен пайдаланды. Барлық сабақ блоктарға бөлінген, бұл ата-аналарға басым бағытты оңай таңдауға мүмкіндік береді.

BilimLand-тегі қашықтықтан білім беру – балаларының болашағын ойлайтын қазіргі заманғы ата-аналардың таңдауы.