Мектепке дайындық

Құралдар
Курс туралы

Онлайн-білім беру қызметі – мектеп жасына дейінгі балаларды бірінші сыныпқа дайындаудың балама әдісі. 4 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арнайы дайындалған видеосабақтар қажет білімді қарапайым түрде жеткізе алады.

Музыкалық аспаптарды зерттеу

Балақайларды мектепке дайындау тиімді ғана емес, қызықты да болуы керек. Онлайн-сабақтарымыздың барлығы тақырыптық блоктарға жіктелген, бұл ата-аналарға қандай да бір бағытқа баса көңіл бөлуге мүмкіндік береді.

Музыкалық аспаптарды зерттеу бойынша арнайы жаттығулар баланы мына нәрселермен таныстырады:

  1. дыбыстармен;
  2. гаммалармен және ноталармен;
  3. әуен шығару процесімен.

Мұндай онлайн-курстар баланың есту қабілетін дамытады, сондай-ақ шығармашылық қасиеттерін шыңдайды. Әуен шығара отырып, бала өзін нағыз композитор сезіне алады, ал сіз оның музыкаға қаншалықты бейім екенін байқайсыз.

BilimLand-пен қызықты қашықтан оқыту

Bilimland.kz – Қазақстандағы ең ірі қашықтан білім беру сервисі. Мектепке дейінгі балаға қажетті тақырыпты меңгеру үшін мамандарымыз бірқатар арнайы сабақ әзірледі. Оны қолайлы ету мақсатында порталымыздағы онлайн-оқыту тақырыптық топтарға бөлінген.

«Жаттығулар» бөлімінде әртүрлі тақырыптарды арнайы тәжірибелік сабақтар арқылы меңгеруге болады. Мысалы, музыкалық аспаптар жұмысын зерттей отырып, балаңыз музыкадағы негізгі ұғымдармен танысып қана қоймай, өзі де әуен шығара алады.