Мектепке дайындық

Сөздер, дыбыстар және еліктеуіш сөздер
Курс туралы

Онлайн-оқыту – балаңызды бастауыш мектепке дайындайтын жаңа әрі қызықты тәсіл. Мұндағы ойын түріндегі интерактивті видеосабақтар қажетті білімді көңілді әрі оңай игеруге көмектеседі.

Қарапайым дыбыстарды меңгереміз

Қарапайым дыбыстар мен еліктеуіш сөздерді меңгеру бойынша балаларға арналған онлайн-курстар қоршаған ортаны есту түйсігі арқылы танып білуге көмектеседі.

Онлайн-сабақтар блогы арнайы тапсырмалардан тұрады. Онда балалар мына дыбыстармен танысады:

  1. жануарлардың дыбысы;
  2. музыкалық аспаптардың дыбысы;
  3. көліктердің дыбысы;
  4. тұрмыстық заттардың дыбысы;
  5. табиғаттағы дыбыстар.

Сондай-ақ тақырып бойынша антонимдерді зерттейді, кеңістікте ойлауды және қабылдауды үйренеді. Қашықтан оқыту тәсілдері ойынға және ойын түріндегі тапсырмалар қағидасына негізделген, соның арқасында бала сабақта сергек болады және шаршамайды.

BilimLand – тиімді қашықтан оқыту мектебі

Онлайн оқыту – балаңыздың білім алуын қызықты етуге ​​көмектесетін жаңа, тиімді әдіс. Қазақстандағы bilimland.kz – қашықтан білім беру порталы – пәндерді меңгерудің инновациялық тәсілі.

Біздің мұғалімдер балаларды бірінші сыныпқа сапалы дайындайтын онлайн-сабақтар кешенін әзірледі. Дыбыстар мен еліктеуіш сөздерді оқытатын сабақтар балаларыңызға әлемдегі әр алуан үнді қатесіз тануға көмектеседі.