Мектепке дайындық

Ойындар мен жаттығулар
Курс туралы

Қашықтан білім беру – баланы оқытудың заманауи тәсілі. Интерактивті сабақтар мен видеосабақтар жаңа ақпаратты тез әрі терең ұғып алуға септігін тигізеді.

Ойын түріндегі сабақтар мен жаттығулар

«Жаттығулар» бөлімінде балақайды түрлі құбылыстармен, заттармен және олардың қасиеттерімен таныстыратын арнайы тапсырмалар бар. Блок екі бөлімнен тұрады, оның біреуінде дамытқыш ойындар мен пайдалы жаттығулар ұсынылған.

Бұл – әртүрлі амалмен оқытуға бағытталған онлайн-сабақтар кешені:

  1. дыбыстық жұмбақтар;
  2. өлеңдер;
  3. дамытушы ойындар.

Бұл онлайн-курста берілген тапсырмаларды орындау арқылы бала әртүрлі жолмен ақпарат қабылдауды, талдауды және оны есте сақтауды үйренеді.

BilimLand-тегі қызықты онлайн-оқыту

Bilimland.kz қашықтан оқыту сервисі – Қазақстандағы ең ірі білім беру алаңы. Біз онлайн-білім беруді сіздің балаңыз үшін шын мәнінде тиімді әрі қызықты етіп жасадық.

Біздің педагогтар әзірлеген сабақтар баланы жан-жақты дамытады, бастауыш мектепте қиналмай оқуға қажетті дағдыларды бойына сіңіреді. Арнайы ойындар мен жаттығулар алған білімдерін ешқашан ұмытпастай есте сақтауға және күнделікті қолдана білуге көмектеседі.