Мектепке дайындық

Тілді дамыту
Курс туралы

Қашықтықтан оқыту – баланың жетілуіне арналған қызықты сабақтар мен жаттығуларды таңдау мүмкіндігі.

Сөйлеуді дамытатын онлайн-сабақтар

Мектепке жасына дейінгі балаларға арналған онлайн-курстар бірнеше тақырыптық блокты қамтиды. Оның әрқайсысы бала бойындағы ерекше қабілетті арттыруға бағытталған. Сөйлеуді дамытатын сабақтар кешені ойын түріндегі бірнеше тапсырмадан тұрады:

  1. Сөздің дыбысталуы мен мағынасы.
  2. Зат есім, сын есім және етістіктердің көмегімен суреттерді сипаттау.
  3. Антонимдерді меңгеру.
  4. Көрнекі диктанттар.

Видеосабақтар ойын тапсырмалары түрінде жасалды. Оларды орындау барысында бала дыбыс пен бейнені байланыстырады, сипаттамалары бойынша ұғымдарды ажыратуды үйренеді, сондай-ақ негізгі сөз таптарымен танысады.

BilimLand-тегі онлайн-оқыту

Bilimland.kz порталы – балаларды мектепке кәсіби түрде дайындауға кепілдік беретін Қазақстандағы қашықтан оқыту сервисі. Педагогтарымыз әзірлеген сөйлеуді дамыту сабақтары тіпті ең кішкентай бүлдіршіндерді де тілдегі негізгі ұғымдармен таныстырады.

Бұл сабақтар ассоциативті ойлауды дамытады, сонымен қатар сөзді дұрыс айтуды үйретеді. BilimLand-тегі қашықтықтан білім беру – қазіргі замандағы қамқор ата-аналардың таңдауы.