Мектепке дайындық

Жаз
Курс туралы

Баланы оқыту процесі ешқашан оңай болмаған. BilimLand ұсынған тақырыптық видеосабақтар балаңыздың білмекке құштарлығын оятады.

«Жаз» тақырыбындағы онлайн-сабақтар

«Жаз» тақырыбындағы онлайн-сабақтар түрлі тапсырмалар мен қызықты ойындар арқылы балаға осы жыл мезгілінің ерекшеліктерін тануға ​​мүмкіндік береді. Блок 4 онлайн-сабақтан тұрады:

  1. Жазғы қорап.
  2. Құмнан жасалған қорған.
  3. Өсімдіктер кітабы.
  4. Менің жазғы демалысым.

Әр сабақ жаз мезгілінің ең басты ерекшеліктерін еліктіре баяндайды. Бала видеосабақта көрсетілген қызықты тапсырмаларды орындауға тиіс. Сабақтағы әр тапсырма баланың сан қырлы дағдысын дамытуға арналған. Олар:

  1. ұсақ моторика;
  2. елестету;
  3. шығармашылық.

BilimLand – қызықты қашықтан оқыту

Мектеп жасына дейінгі балаларды BilimLand мектебінде онлайн-оқыту – балаңызға арналған қызықты әрі пайдалы тапсырмалар жинағы. Ол оқытуды ыңғайлы ету үшін тақырыптарға бөлінген негізгі сабақтар мен қосымша материалдардан тұрады.

Bilimland.kz сайтында онлайн-білім беру – баланы Қазақстанның кез келген қаласында мектепке дайындаудың қарапайым да қызықты тәсілі. Қашықтан білім беру жүйесі үйден шықпай-ақ балаңыздың таным көкжиегін кеңейтуге көмектесуге мүмкіндік береді.