Эссе байқауы

Эссе онлайн-байқауын өткізудің ережелері

Мақсаты, шарттары және байқаудың ұйымдастырылуы
Байқау талаптары
Сауалнама

Мақсаты:

  • оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға атсалысу; ойды нақты және сауатты жеткізе білуге баулу;
  • қабілетті, дарынды оқушыларды анықтау және марапаттау.

Байқауды өткізудің тәртібі мен мерзімі

Жұмыстар 16.11.18 30.12.18 аралығында қабылданады.

Жеңімпаздар 2019 жылдың қаңтар айының соңына дейін анықталады.

Байқау шарттары

  • Байқау жұмыстары байқаудың талаптары мен эссе жазу нормаларына (эссенің құрылымы жайлы толық ақпарат https://itest.kz/kz/attestation/4157 берілген) сай болуы шарт.
  • Байқауға ұйымдастырушылар арнайы бекіткен тақырыптар бойынша қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі жұмыстар қатысады.
  • Байқауға қатысушылар жұмыстарын Bilim Media Group компаниясына жіберу арқылы bilimland.kz, itest.kz сайттарына және әлеуметтік желідегі парақшаларына толық немесе ішінара жариялауға рұқсаттарын береді.

Байқауды ұйымдастыру

Байқау жұмыстарын тәуелсіз сараптама комиссиясы бағалайды.

Байқауда оза шыққан 3 жеңімпаз дипломмен марапатталып, сыйлыққа электронды кітап алады!

Үздік 10 эссе авторы байқауға қатысқаны жайлы электронды сертификат алады.

Жұмыстар 2018 жылғы 16 қараша мен 30 желтоқсан аралығында bilimland.kz білім беру порталында қабылданады.

 

Қорытынды

  • Байқау қорытындысы bilimland.kz порталында және әлеуметтік желілердегі парақшаларда 2019 жылғы 30 қаңтарға дейін жарияланады.
  • Тәуелсіз сараптама комиссиясы іріктеп алған эссе жұмыстары itest.kz сайтында (Қорытынды аттестаттау/Эссе айдарында) жарияланады.
  • Диплом, сертификат және сыйлықтарды жіберу 2019 жылдың 20 ақпанына дейін жүргізіледі. Дипломдар мен сертификаттар электронды поштаға электронды форматта жіберіледі.

Байқауға қатысушылар

Байқауға кімдер қатыса алады

  • Байқауға бастауыш, орта және арнайы орта білім беретін мекемелерде оқитын оқушылар қатыса алады.
  • Қатысушы Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек.
  • Ұсынылатын жас: 10 жастан жоғары.
  • Қатысушылар міндетті түрде bilimland.kz сайтына тіркелулері қажет.

Эссе онлайн-байқауының тақырыптары*:

  1. «Білім – өмір шырағы» деген тұжырымды дәлелдеңіз.
  2. Эссе жазудың ерекшеліктері туралы өзіндік ой тұжырымыңыз қандай?
  3. Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы Аристотель бейнесі мен өмірдегі Аристотель ғұламаны салыстырып талдаңыз.
  4. «Сүйінбай мен Қатаған айтысындағы» ақындардың ой ұшқырлығы мен тапқырлықтары туралы жазыңыз.
  5. М. Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы Абыз бейнесінің маңызы мен мәні туралы не айтар едіңіз?
  6. Ж. Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасындағы рухани жігер, ұлттық код ұғымдарының көріністерін дәлелдеп жазыңыз.
  7. Т. Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романындағы кейіпкер психологиясын бейбіт өмірдегі жандармен салыстырып, талдап жазыңыз.
  8. Ә. Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі батырға тән қасиеттер бүгінгі өмір кейіпкерлеріне тән бе?
  9. Астана – «Мәңгілік ел» тарихының жаңа беті. Тарихи деректермен байланыстыра дәлелдеңіз.
  10. «ЭКСПО-2017» – тәуелсіз елдің болашаққа жасаған батыл қадамы. Өз қөзқарасыңызды дәлелдеңіз.
  11. Алаш ардақтылары аңсаған болашақ (дәлелді пікіріңізді жазыңыз).
  12. Қ. Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы бойынша ақынның оқиғаны суреттеу ерекшелігі мен әсерін талдап жазыңыз.
  13. М. Мақатаевтың «Дариға жүрек» шағын поэмасындағы кейіпкердің өмір үшін күресін өмірден мысал келтіре отырып дәлелдеңіз.
  14. М. Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі ақынды табындырған әже бейнесін бүгінгі әжелер бейнесімен салыстыра отырып, талдап жазыңыз.
  15. С. Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі адамға қажет қасиеттерді қалай талдап көрсетуге болады?
  16. Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы қазақ қызының намысты да өжет жан екенін дәлелдеп жазыңыз.
  17. А. Құнанбаевтың «Он жетінші қара сөзіндегі» жүрек, ақыл, қайрат, ғалым пікірін талдап, өз тұжырымыңызды қорытып жазыңыз.
  18. Ақын өлеңі – өмір дерегі. Сыни көзқарас (Мәди Бапиұлы, Біржан сал өлеңдері бойынша).
  19. М. Дулатовтың өлеңдеріндегі адами құндылықтар туралы сыни пікіріңіз қандай?
  20. Рухани жаңғыру – болашаққа батыл қадам.

*Ағылшын тіліндегі эссеге арналған тақырыптар берілген тізімнен алынады.

Байқау форматы  bilimland.kz сайтында қашықтан қабылданады.

Байқау талаптары:

  • эссені word (көлемі 300-400 сөз) форматында жіберу;
  • эссе тақырыбына сәйкес болуы;
  • жұмыстың құрылымын сақтау және ойды сауатты жеткізу;
  • жеке көзқарастың көрінісі (мәтіннің 70%-ы);
  • әр қатысушы тек 1 эссе жібере алады;
  • эсседе тек 1 автордың болуы шарт.

Байқауға қатысу үшін тіркелу қажет. Тіркелген болсаңыз, кіріңіз.

Артқа