«Жаңашыл мұғалім-2019» Байқауы

«Жаңашыл мұғалім-2019» республикалық байқауының ережелері

Байқау туралы
Байқау талаптары
Аталымдар
Байқауға қатысу өтінімі

Мақсаты

  • Мұғалімдердің әлеуметтік және кәсіби беделін көтеру
  • Педагогикалық инновацияларға қолдау көрсету
  • Цифрлық технологиялар қолданылған педагогикалық іс-тәжірибелерді жинақтау және тарату

Байқауды өткізудің тәртібі мен мерзімі

Байқау екі кезеңнен тұрады:

1-кезең: 19.12.2018 – 01.03.2019

2-кезең: 18.03.2019 – 26.04.2019

Байқау шарттары

  • Қатысушылар міндетті түрде bilimland.kz, itest.kz, imektep.kz, twig-bilim.kz ресурстарына жазылулары шарт.
  • Байқау жұмыстары байқау талаптарына сай болуы шарт. Жұмыстың құрылымы мен безендірілуін автор өзіне лайықтап, өзіндік шешімімен үйлестіруіне болады.
  • Байқаудың  бірінші кезеңінен өтпей қалған қатысушылар екінші кезеңге жіберілмейді.
  • Қатысушылар байқауға жұмыс жолдау арқылы BMG компаниясына сабақ жоспарларын, атап айтқанда, электрондық мәтіндік және видео материалдарды BilimLand.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі bilimland парақшаларында жариялауға рұқсаттарын береді.

Байқауды ұйымдастыру кеңесі

Байқау жұмыстарын тәуелсіз сараптама комиссиясы бағалайды.

Байқау жеңімпаздары дипломдармен марапатталып, ақшалай сыйлыққа ие болады:

«Сабақтағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» аталымы – 500 000 (бес жүз мың) теңге;

«Тәрбие сағатындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» аталымы – 500 000 (бес жүз мың) теңге;

«Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ға (КТ) дайындықта қолдану» аталымы – 500 000 (бес жүз мың) теңге;

«Шағын жинақты мектептегі (ШЖМ) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» аталымы – 500 000 (бес жүз мың) теңге.

Байқауға кімдер қатыса алады?

  1. Қазақстан Республикасының азаматтары.
  2. Бастауыш және орта білім беру мекемелерінің (орта мектеп, гимназия, лицей, колледж, балабақша орталықтары) оқытушылары;
  3. Білім беру мекемелеріндегі сынып жетекшілері, тәлімгерлер, тәрбиешілер.

Қатысушылардың білім беру саласындағы еңбек өтілі 1 жылдан кем болмауы керек және әрбір қатысушы жұмыс орнынан берілген анықтаманың электронды нұсқасын ұсынуы тиіс (байқауға анықтамасыз жіберілмейді).

*Байқау тек ҚР аймағына таратылады.

Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар

  • сабақ және сынып/сыныптан тыс сағаттардың жоспарларын құрастыруда әдістемелік сауаттылықтың болуы;
  • сабақ жоспарларының міндетті түрде жаңартылған мазмұндағы білім беру бағдарламасына сай болуы;
  • сабақ және сынып/сыныптан тыс сағаттардың жоспарына міндетті түрде  www.bilimland.kzwww.itest.kzwww.imektep.kzwww.twig-bilim.kz ресурстарының мультимедиялық материалдары (видеофильмдер, анимациялар, мультимедиялық слайд-шоу, интерактивті жаттығулар, симуляторлар, диаграммалар, сызбалар, жұмыс парақтары және т.б.) кіріктірілуі тиіс;
  • тәжірибеде қолданылуына мән берілуі; 
  • жұмыстың сапалы безендірілуі; 
  • авторлық идеяның бірегей болуы; 
  • авторлық құқықтың сақталуы (басқа авторлардың жұмысын толық немесе жартылай көшіріп алу «плагиат» болып саналады, бұндай қатысушылар байқаудан шеттетіледі).

*Білім беру ресурстарына офлайн құрылғы арқылы қосылған мектеп мұғалімдері +7 (727) 344 95 95, +7 (707) 944 95 95 нөмірлеріне хабарласып, сұраныс жасау арқылы жеке аккаунт аштыра алады.

*Байқау ұйымдастырушыларының тарапынан қосымша сыйлықтар қарастырылған.

  • Байқау ұйымдастырушылары кез келген аталым бойынша 2 жеңімпазға дейін таңдау құқығына ие.
  • Байқау ұйымдастырушылары табыстайтын Алғысхаттар тек байқаудың екінші кезеңіне өткен және байқау талаптарына сай келетін жұмыс жолдаған қатысушыларға беріледі.

Байқау жұмыстарын бағалау:

1-кезең: 01.03.19 – 18.03.19

2-кезең:  26.04.19 – 25.05.19

Байқау қорытындысы www.bilimland.kz порталында және әлеуметтік желілердегі bilimland парақшаларында 2019 жылдың 25 мамырында жарияланады.

Жеңімпаздарды марапаттау және дипломдар мен сыйлықтарды табыстау рәсімі 2019 жылдың 25 мамырында өткізіледі.

Артқа
«Сабақтағы АКТ» аталымыТолығырақ

1-кезең: АКТ-ның негізгі құралы ретінде сабақтың барлық кезеңінде bilimland.kz, itest.kz, imektep.kz, twig-bilim.kz ресурстарын қолдана отырып жазылған Word форматындағы толық сабақ жоспары. Аталымның міндетті шарты:  пәндер немесе ресурстарды біріктіру (аз дегенде 2). Мысалы, Математика (bilimland.kz) + Физика (bilimland.kz); iTest + twig-bilim; iMektep + Познание мира (bilimland.kz), Видеотоптама (bilimland.kz) + Аудиохрестоматия (bilimland.kz) және т.б.

Шарты: міндетті түрде материалдардың бірнеше түрін қолдану (мәтін, видео, жаттығу, симулятор және т.б.). 

2-кезең: 10–15 минуттан аспайтын сабақ үзіндісінің видеосын жіберу. Видеода мұғалім алдымен өзі жайлы қысқаша мәлімет береді және мұғалімнің қоғамдағы орны туралы айтады (көп дегенде 2 минут), ары қарай bilimland.kz, itest.kz, imektep.kz, twig-bilim.kz ресурстарын қолдана отырып өткізген сабағынан үзінді көрсетуі тиіс.

Шарты: егер 2-кезеңге жіберілген видеосабақ 1-кезеңге жіберілген сабақ жоспарынан өзгеше болса, онда видеодағы сабақтың Word форматындағы жоспары қоса жолдануы тиіс.

«Тәрбие сағатындағы АКТ» аталымыТолығырақ

1-кезең: bilimland.kz, itest.kz, imektep.kz, twig-bilim.kz ресурстарын пайдаланып өткізген сынып сағаты немесе сыныптан тыс шараның оқыту мен тәрбие жұмысын біріктірген Word форматындағы толық сабақ жоспары жолдануы тиіс. Шарты: байқауға жіберілген сынып сағаты немесе сыныптан тыс іс-шараларда педагогтың оқыту мен тәрбиелеуді біріктіргені толық көрінуі тиіс. 

2-кезең: 10–15 минуттан аспайтын сабақ үзіндісінің видеосын жіберу. Видеода мұғалім өзі жайлы қысқаша мәлімет береді, мұғалімнің, сынып жетекшісінің, тәрбиешінің, тәлімгердің қазіргі қоғамдағы орны туралы айтады (көп дегенде 2 минут), ары қарай bilimland.kz, itest.kz, imektep.kz, twig-bilim.kz ресурстарын қолданған сынып сағатының немесе сыныптан тыс шараның үзіндісін көрсетуі тиіс.

Шарты: егер 2-кезеңге жіберілген видео 1-кезеңге жіберілген сабақ жоспарынан өзгеше болса, онда видеодағы сабақтың Word форматындағы жоспары қоса жолдануы тиіс.

«АКТ-ны қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ға дайындықта қолдану» аталымы Толығырақ

«АКТ-ны қорытынды аттестаттау немесе ҰБТ-ға (КТ) дайындықта қолдану» аталымы

1-кезең: itest.kz ресурсын қолданып қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ға дайындық ретінде өткізілген түрлі пішіндегі сабақтың Word форматындағы әртүрлі жұмыс формалары мен түрлері көрсетілген сабақ жоспарын жолдау. bilimland.kz, twig-bilim.kz ресурстарын қосымша ретінде пайдалануға болады.

Шарты: байқауға қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға  (КТ) дайындауда itest.kz ресурсын пайдалана отырып жасалған түрлі жұмыс формалары мен түрлері көрсетілген толық сабақ жоспары ұсынылуы тиіс.

2-кезең: 10–15 минуттан аспайтын сабақ үзіндісінің видеосын жіберу. Видеода мұғалім өзі жайлы қысқаша мәлімет береді және қорытынды аттестаттауға (ҰБТ немесе КТ) дайындық кезіндегі мұғалімнің орны туралы айтады (максимум 2 минут), ары қарай itest.kz ресурсын қолданып қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға дайындық түрінде өткізген сабақтың үзіндісі болуы керек. Сондай-ақ жұмыстардың кадрдан тыс дауыс немесе субтитр түріндегі пікірлермен бөлісетін түрлі жолдарын пайдалану.

Шарты: егер 2-кезеңге жіберілген видео 1-кезеңге жіберілген сабақ жоспарынан өзгеше болса, онда видеодағы сабақтың Word форматындағы жоспары қоса жолдануы тиіс.

«Шағын жинақты мектептегі (ШЖМ) АКТ» аталымыТолығырақ

1-кезең: ШЖМ жағдайындағы сыныптарды біріктіріп өткізген Word форматындағы толық сабақ жоспары жолдануы керек. Сабақтың барлық кезеңінде (жаңа сабаққа дайындық, өткен материалды бекіту, тәжірибелік жұмыс, білімін тексеру) bilimland.kz, itest.kz, imektep.kz, twig-bilim.kz ресурстары қолданылуы тиіс.

Шарты:  біріктірілген сыныпта өткізілген сабақта bilimland.kz, itest.kz, imektep.kz, twig-bilim.kz ресурстары сабақтың барлық кезеңінде қолданылуы тиіс. 

2-кезең: 10–15 минуттан аспайтын сабақ үзіндісінің видеосын жіберу. Видеода мұғалім өзі жайлы қысқаша мәлімет береді және шағын жинақты мектептегі мұғалімнің орны туралы айтады (көп дегенде  2 минут), ары қарай біріктірілген сыныпта bilimland.kz, itest.kz, imektep.kz, twig-bilim.kz ресурстарын қолданған сабақ үзіндісін көрсетуі тиіс.

Шарты: егер 2-кезеңге жіберілген видео 1-кезеңге жіберілген сабақ жоспарынан өзгеше болса, онда видеодағы сабақтың Word форматындағы жоспары қоса жолдануы тиіс.

Байқауға қатысу үшін тіркелу қажет. Тіркелген болсаңыз, кіріңіз.

Артқа
Құрметті байқауға қатысушылар, сауалнаманы мұқият толтыруларыңызды сұраймыз. Сауалнама деректерін кирилл әріптерімен және аты-жөніңізді жеке куәліктегідей толтырыңыз. Сауалнама дұрыс толтырылмаған жағдайда жүйе сіздің жұмысыңызды қабылдамайды.
Сапасы жақсы, қатысушының бет-бейнесі анық көрінетін жеке түскен сурет, өлшемі 400x400 пиксельден аспауы керек.
Анықтамада мекеме басшылығының қолы мен мекеменің мөрі болуы шарт. Жүктеуге болатын формат түрлері JPG және PNG, көлемі 1000 х 1000 пиксель. Жүктелетін файл оңай оқылуы керек.

Байқау жұмысы:

Ұсынылатын форматы: doc/docx
Артқа