Bilim Media Group компаниясы республикалық «Жаңашыл мұғалім­-2019» байқауының басталғанын жариялайды

Bilim Media Group компаниясы республикалық «Жаңашыл мұғалім­-2019» байқауының басталғанын жариялайды

Bilim Media Group компаниясы республикалық «Жаңашыл мұғалім­-2019» байқауының басталғанын жариялайды.

2018 жылы 19-желтоқсан күні жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін шығармашыл әрі жаңашыл ұстаздарға арналған республикалық «Жаңашыл мұғалім-2019» байқауы басталады. Bilimland.kz сайтының ұйымдастыруымен жыл сайын өткізіліп отыратын  бұл байқау ұстаздық жолында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды белсенді түрде пайдалана білетін мұғалімдер арасында кеңінен танымал.

«Жаңашыл мұғалім» республикалық байқауы 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Байқауға бастауыш және орта білім беретін, сондай-ақ арнайы орта білім беретін оқу орындарының мұғалімдері қатысады. Байқауға 2015–2018 жылдар аралығында жалпы саны 2 800-ге тарта мұғалім қатысып үлгерген.

Жеңімпаздар оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиында ресми түрде марапатталады, сондай-ақ олардың аты-жөндері сайттағы (bilimland.kz) блогымызда жарияланады. Ақшалай сыйлықтар, сертификаттар мен алғысхаттардан бөлек, байқауда топ жарған педагогтардың үздік жұмыстары сайтымыздағы «Мұғалім парақшасы» бөлімінде жарық көреді.

Осы жылы байқау ҚР Білім және ғылым министрлігінің (29.11.2018 ж. №656 бұйрық) «Ұсынылған пәндік олимпиадалардың, кәсіби конкурстардың, ғылыми жобалардың, спорттық жарыстардың және басқа да шығармашылық іс-шаралардың тізбесіне» енді.

Байқаудың жүлде қоры – 2 000 000 теңге.

Байқау 2 кезеңнен тұрады және 4 аталым бойынша өтеді:

  • Сабақтағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
  • Тәрбие жұмысындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;    
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қорытынды аттестаттау немесе ҰБТ-ға дайындықта қолдану;
  • Шағын жинақты мектептегі (ШЖМ) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

Байқаудың басты шарты – оқытуда АКТ-ның әдістерін тиімді пайдалану, мұғалімнің шығармашылық әлеуетін дамыту және білім беру мен тәрбиелеуде BilimLand ресурстарын ұтымды қолдана білу.

Байқау туралы жаңалықтарды bilimland.kz сайтынан және әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан (vk, facebook, instagram) оқи аласыздар.

 

Барлық жаңашыл мұғалімді
байқауға қатысуға шақырамыз және шын мықтының жеңіске жетуіне тілектеспіз!

Байқау ережелерімен мұқият танысып шығыңыз

108Пікірлер

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз Тіркелу
Азамат Қабетов
Азамат Қабетов
18 қаңтар 2019 ж. 13:57
Сәлеметсіз бе! Байқау ұйымдастырушылары табыстайтын Алғысхаттар тек байқаудың екінші кезеңіне өткен және байқау талаптарына сай келетін жұмыс жолдаған қатысушыларға беріледі.
Гульзат Еркінбай
Гульзат Еркінбай
17 қаңтар 2019 ж. 0:05
Сәлеметсізбе сабақ жоспарымызды қалай жүктесек болады?
Азамат Қабетов
Азамат Қабетов
18 қаңтар 2019 ж. 13:45
Сәлеметсіз бе! Жоғарыдағы мақаланының соңында тұрған "Байқау ережелерімен мұқият танысып шығыңыз" деп тұрған жерді бассаңыз, байқау ережелері толық берілген. Әр бетті мұқият оқып шығып, "Келесі" нүстесін баса берсеңіз, ең соңындағы "Байқауды өткізу ережелерімен таныстым және ережеде жазылған барлық талаптарды қабылдаймын" деген белгіні бассаңыз, сауалнама шығады. Сауалнаманы толық толтырып, суретіңізді, анықтамаңызды жүктейсіз. Дәл сол жерге ВОРД форматында жұмысыңызды да жүктеп жіберу пернесін басасыз.
Жанар Насамбаева
Жанар Насамбаева
15 қаңтар 2019 ж. 17:05
"Жаңашыл" ұстазға қатысу үшін өзінде аккаунт болмаған жағдайда басқа мұғалімнің аккаунтымен кіріп, қатысуға бола ма?
Азамат Қабетов
Азамат Қабетов
17 қаңтар 2019 ж. 9:47
Сәлеметсіз бе! Байқаудың ережесіне сәйкес әр қатысушы өз атынан тіркелуі қажет. Ережені толық әрі мұқият оқып шықсаңыз, керекті ақпараттың барлығын табасыз. Сәттілік!
Роза Бекей
Роза Бекей
15 қаңтар 2019 ж. 16:13
"Жаңашыл мұғалім" жобасы қазіргі заманауи жоба.Талаптары да жаңашыл мұғалімді ынталандырады
Асыл Каймуханов
Асыл Каймуханов
14 қаңтар 2019 ж. 12:13
Қайырлы күн BILIMLAND ұжымы! Бір мұғалім бірнеше аталым бойынша қатыса ала ма?
Азамат Қабетов
Азамат Қабетов
18 қаңтар 2019 ж. 14:02
Қайырлы күн! Бір мұғалім тек бір аталым бойынша ғана қатыса алады. Байқаудың ережесіне сәйкес әр қатысушы сайтта өз атынан тіркелуі қажет. Сәттілік!