Біздің жеңімпаздарымыздың жұмыстары Twig-Bilim.kz

Біздің жеңімпаздарымыздың жұмыстары Twig-Bilim.kz

Twig-Bilim.kz - әлемге танымал білім беруші бірегей онлайн ресурс. Бұл – британдық Twig білім беру компаниясының инновациялық платформасы, 50-ден астам елде, 13 тілге аударылған. Twig білім беру компаниясының бұл платформасы 2012-2015 жылдары өткен Дүниежүзілік BETT білім беру технологиялары көрмесінде ең үздік оқытушы ресурс ретінде танылған. 

Бұл білім беруші кешен физика, математика, химия, биология және география пәндері бойынша 2000-нан астам қысқа фильмдерден тұрады. Қазақстандық оқушылар мен мұғалімдерге қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді.

Twig-Bilim фильмдері оқу пәні сабақтарын өте тиімді түрде ұғындыру және тәжірибе жүзінде көрсету үшін шынайы өмір жағдайларымен ұштастыра ұсынады. Аталған ресурс сабақ беруде жаратылыстану пәндерін қоғамдық пәндермен пәнаралық байланыста оқытуға мүмкіндік береді. 

Сондай-ақ Twig-Bilim видеокешені ағылшын тілін шет тілі, қазақ және орыс тілдерін екінші тіл ретінде оқып үйренуге зор ықпалын тигізеді. 

Байқау жеңімпаздары Twig-Bilim ресурсының осы мүмкіндіктерін кәсіби үлгіде тиімді пайдалана білген. Біз бүгін блогымыз арқылы осындай сабақтардың үзінділерін жариялап отырмыз.

Номинациясы:  Ағылшын тіліндегі үздік сабақ жоспары
BilimLand, Kozhabekova Indira Abdikadirovna, Teacher Inovator Contest
Асылбекова Сәуле Нұрмұхаммедқызы
(Астана ФМБ НЗМ ДББҰ)
Пән:
Физика
Сынып:
12
Тақырып:
Электрмагнитті толқындар. Электрмагнитті тоқындардың шәкілі. ЭМТ қолдану.
Ресурс:
Twig-Bilim.kz
Көрсету
Номинациясы:  Қазақ тіліндегі үздік сабақ жоспары
BilimLand, Kozhabekova Indira Abdikadirovna, Teacher Inovator Contest
Досмагамбетова Асемгуль Оскарбаевна
(Павлодар ХББ НЗМ ДББҰ)
Пән:
Қазақ тілі
Сынып:
9
Тақырып:
Cу – тіршілік көзі.
Ресурс:
Twig-Bilim.kz
Көрсету
Номинациясы:  Қазақ тіліндегі үздік сабақ жоспары
BilimLand, Kozhabekova Indira Abdikadirovna, Teacher Inovator Contest
Карибжанова Асель Коптылеукызы
(Павлодар ХББ НЗМ ДББҰ)
Пән:
Физика
Сынып:
9
Тақырып:
Дыбыстың қасиеті. Дыбыстың таралуы
Ресурсы:
Twig-Bilim.kz, BilimLand.kz
Көрсету

 

Жаңашыл мұғалімдердің байқау жұмыстары арқылы Twig-Bilim-нің бай кешенін пайдаланып, мұғалімнің білім беру үрдісін қызықты да тартымды, сан қилы түрлендіріп, пәнаралық байланысты берік құрылымдап, оқушылармен жалпы, топтық және жеке жұмыс істеуіне мүмкіндігі боларын байқау қиын емес. 

 


Татьяна Альбертовна Сарсенова

BilimLand.kz онлайн ресурстарының үйлестірушісі

Ұқсас мақалалар

Жеңімпазды құттықтау - Bilimland.kz Жеңімпазды құттықтау
08.05.2015
Байқау жеңімпаздарының жұмыстары - Bilimland.kz Байқау жеңімпаздарының жұмыстары
24.04.2015
«Жаңашыл мұғалім» байқауының жеңімпазы - Bilimland.kz «Жаңашыл мұғалім» байқауының жеңімпазы
21.04.2015