«Сабақтағы АКТ» аталымының жеңімпазы

«Сабақтағы АКТ» аталымының жеңімпазы

«Жаңашыл мұғалім-2018» байқауының «Сабақтағы АКТ» аталымына қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 991 жұмыс қабылданды, оның ішінде 172 жұмыс финалға өтті. «Сабақтағы АКТ» аталымына қойылған басты талап сабақтың барлық кезеңдерінде bilimland.kz ресурстарын үйлестіре пайдалана білу болды.

Абай Құнанбайұлы кейінгі ұрпаққа «Ғылым таппай мақтанба» деп, сол ғылымға баланы жетелейтін ұстаздарға «Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға» деп ой салды. Ұзтаздық етіп, балаға жалықпай білім беріп жүрген мұғалімдер бүгінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жетік меңгеріп, оларды сабақта қолданудың озық үлгілерін көрсетіп келеді. Осындай ұстаздардың бірі Жанбаева Мая Нұрымқызының байқауға ұсынған сабағы жаңашылдығымен, сабақта АКТ-ны қолдану шеберлігімен әділқазылар назарын аударды. Жеңімпаздың сабағында оқушылар ағылшын тілінде ойларын еркін жеткізіп, тілді жетік меңгергендерін байқатты.

Жанбаева Мая Нұрымқызы
Конкурс
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы
Мектеп: Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін орта мектеп
Пән: ағылшын тілі
 
Сынып:
Жұмыс тілі: ағылшын 
 
 
 
 

 

Тәуелсіз сараптама комиссия мүшесі Сүлейменова Шолпан Әмірханқызы: «Сабақ өзектілігімен және мұғалімнің заманауи компьютерлік технологиялар мен мобилді құрылғыларды шебер қолдана білуімен ұнады. Мұғалім Plickers қосымшасы және смартфон көмегімен интерактивті сауалнама жүргізді. Сабақта АКТ қолдану мұғалімге түрлі тапсырмаларды ұйымдастыруға мүмкіндік берді, оқушылардың өзіндік жұмыстарының белсенділігін арттырды» деп баға берді.

Ал, былтырғы байқау жеңімпазы әрі сараптама комиссия мүшесі Қашқынбаева Роза: «Мая Нұрымқызының сабағының сапасы өте жоғарғы дәрежеде деп есептеймін. Сабақты кезеңдерге бөлуде мұғалімнің шеберлігі байқалды. Балалар жеке ноутбуктармен белсенді жұмыс жасады. Ағылшын курсындағы тыңдалым, оқылым тапсырмаларын ұтымды пайдаланды. Педагог балаларға топтық жұмыстарды өте жоғары деңгейде орындатты. Мен Мая Нұрымқызын жаңашыл мұғалім деп есептеймін» деген пікірін білдірді.

Ұстаздардың ізденістері мен нәтижелі еңбектеріне алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тілейміз.

Bilimland-пен бірге жетістіктерге жете беріңіздер!

Ұқсас мақалалар

«Шағын жинақты мектептегі (ШЖМ) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» аталымының жеңімпаздары - Bilimland.kz «Шағын жинақты мектептегі (ШЖМ) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» аталымының жеңімпаздары
06.06.2018
«АКТ-ны қорытынды аттестаттау немесе ҰБТ-ға дайындықта қолдану» аталымының жеңімпаздары - Bilimland.kz «АКТ-ны қорытынды аттестаттау немесе ҰБТ-ға дайындықта қолдану» аталымының жеңімпаздары
04.06.2018
«Тәрбие жұмысындағы АКТ» аталымының жеңімпазы - Bilimland.kz «Тәрбие жұмысындағы АКТ» аталымының жеңімпазы
31.05.2018