«Жаңашыл мұғалім-2018» байқауының жеңімпаздары

«Жаңашыл мұғалім-2018» байқауының жеңімпаздары

2018 жылдың 28 сәуірінде жыл сайынғы республикалық «Жаңашыл мұғалім-2018» байқауына жұмыстар қабылдау аяқталды. Бес айға созылған байқау екі кезеңнен тұрды. Байқауға барлығы 1200-ден аса жұмыс келіп түсті. Биылғы байқауға қатысушылар сабақтың сапасына аса мән беріп, жан-жақты ізденгендерін байқатты. Байқауға келіп түскен жұмыстарды сараптап, әділ бағалау мақсатында комиссия мүшелері де көп еңбектенді.

Айта кету керек, биылғы жылы тәуелсіз сараптамалы комиссия мүшелерінің құрамында «Жаңашыл мұғалім-2017» байқауының жеңімпаздары Р.О. Қашқынбаева, Қ.М. Алишева, А.Ж. Ниязбекова, А.Ж. Иманшарипова болды. Сонымен қатар «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» директорының орынбасары с.ғ.д., доцент Әуелғазина Толқын Құдайбергенқызы және Bilim Media Group компаниясының жаңартылған бағдарлама бойынша жасалған интерактивті сабақтарының авторы әрі әдіскері Сүлейменова Шолпан Әмірханқызы да байқау жұмыстарын тексеруге атсалысты.

Байқауға келген жұмыстарды бағалауда мұғалімнің АКТ-ны сабақта тиімді қолдану әдіс-тәсілдеріне, жаңашылдығы мен ізденімпаздығына, сабақты мазмұнды әрі тартымды ұйымдастыру және өткізу шеберлігіне мән берілді. Аталған талаптар үдесінен шыққан, сараптаудан өткен жұмыстар ғана жүлдеге лайық деп табылды. Сонымен Республикалық «Жаңашыл мұғалім-2018» байқауының жеңімпаздарымен таныс болыңыздар:

«Сабақтағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» аталымы бойынша жеңімпаз – Жанбаева Мая Нұрымқызы, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беру орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.
Жүлдесі: Диплом және 500 000 теңге.

«Тәрбие жұмысындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» аталымы бойынша жеңімпаз – Шынтасова Гүлзат Бурабайқызы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің педагог-кураторы.
Жүлдесі: Диплом және 500 000 теңге.

«Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қорытынды аттестаттау немесе ҰБТ-ға дайындықта қолдану» аталымы бойынша жеңімпаздар: Алмабеков Ермек Алмабекұлы, Алматы облысы, Есік қаласы, Абылай хан атындағы орта мектептің физика пәні мұғалімі.
Жүлдесі: Диплом және 250 000 теңге.

Жакипова Айнұр Әзімханқызы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Бәйгеқұм ауылы, №251 М. Әуезов атындағы орта мектептің физика пәні мұғалімі.
Жүлдесі: Диплом және 250 000 теңге.

«Шағын жинақты мектептегі (ШЖМ) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» аталымы бойынша жеңімпаздар:

Исабекова Айгүл Кәрібайқызы, Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қарашілік ауылы, Қарашілік орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.
Жүлдесі: Диплом және 250 000 теңге.

Шүкеева Әлия Қабидолқызы, Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Новорыбинка ауылы, Новорыбинка шағын жинақты мектебінің орыс тілі пәні мұғалімі.
Жүлдесі: Диплом және 250 000 теңге.

Тағы бір айта кетерлігі, биылғы жылы байқауға мектепке дейінгі білім беру бойынша С.В. Багинская (Ақмола облысы) және арнаулы кәсіптік білім (колледж) бойынша В.А. Габченко атап өтуге лайық, ерекше жұмыстар жолдаған. Аталған ұстаздар мектепке дейінгі оқыту мен колледжде bililmland.kz ресурстарын ұтымды қолдана білген.

«Жаңашыл мұғалім-2018» байқауының жеңімпаздарын жеңістерімен құттықтаймыз, жас ұрпаққа білім беру жолында игілікті еңбек ете беріңіздер дегіміз келеді.

Барша «Жаңашыл мұғалім-2018» байқауына қатысушыларға зор алғысымызды білдіреміз!

Байқаудың екінші кезеңіне видео жолдаған қатысушылар «Жаңашыл мұғалім-2018» байқауының финалға өтушісі ретінде электронды форматтағы алғыс хатпен марапатталады.

Тізімді көру

Финалға өткен қатысушылардың электронды пошталарына алғысхаттар жолдау 2018 жылдың 28 мамырынан басталады.

Bilimland.kz сайтындағы жаңалықтарымыздан қағыс қалмаңыздар!

Ұқсас мақалалар

«Шағын жинақты мектептегі (ШЖМ) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» аталымының жеңімпаздары - Bilimland.kz «Шағын жинақты мектептегі (ШЖМ) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» аталымының жеңімпаздары
06.06.2018
«АКТ-ны қорытынды аттестаттау немесе ҰБТ-ға дайындықта қолдану» аталымының жеңімпаздары - Bilimland.kz «АКТ-ны қорытынды аттестаттау немесе ҰБТ-ға дайындықта қолдану» аталымының жеңімпаздары
04.06.2018
«Тәрбие жұмысындағы АКТ» аталымының жеңімпазы - Bilimland.kz «Тәрбие жұмысындағы АКТ» аталымының жеңімпазы
31.05.2018