«Жаңашыл мұғалім-2018» байқауының 2-кезеңі

«Жаңашыл мұғалім-2018» байқауының 2-кезеңі

Екі айға созылатын байқаудың екінші кезеңіне өткен қатысушылар 10-15 минуттан аспайтын сабақ үзіндісінің видеосын жіберулері қажет. Бірінші кезеңдегі жұмыстарға қойылған талаптар екінші кезеңде де сақталады және мұғалімнің сабақтың барлық кезеңінде bilimland.kz ресурстарын тиімді пайдаланып, сабақты мазмұнды әрі қызықты өткізуі, шығармашылық ізденісі, оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолданудағы жаңашылдығы сынға түседі. Егер видео 1-кезеңге жіберілген сабақ жоспары бойынша түсірілмесе, онда видеосабақтың Word форматындағы сабақ жоспары қоса жолдануы тиіс. Тағы бір ескертетініміз, байқаудың бірінші кезеңіндегі аталымды екінші кезеңде өзгертуге болмайды.

Екінші кезеңге өткен және екінші кезеңге байқау талаптарына сай келетін жұмыс жолдаған қатысушыларға Bilim Media Group компаниясы алғыс хат табыстайды.

Байқаудың екінші кезеңіне өткен қатысушылардың жұмыстарын күтеміз. Олай болса, құрметті ұстаздар, іске сәт! Сіздерден сапалы да салмақты жұмыстар күтеміз!

Екінші кезеңнің жұмысын жүктеу

368Пікірлер

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз Тіркелу
Зульфия Тилешева
Зульфия Тилешева
25 мамыр 2018 ж. 8:19
Сәлеметсіздер ме. 2017-2018 оқу жылының аяқталуымен. СӘТТІЛІК.
temirlan.34
temirlan.34
21 мамыр 2018 ж. 20:05
Сәлеметсіздер ме. Бұл сайтта өз пәнімізге қажетті дүниені таба аламыз және өте тиімді.
Гулшат Ертуганова
Гулшат Ертуганова
18 мамыр 2018 ж. 23:37
Құрметті ұйымдастырушылар! Сіздерге менің де өтінішім, екінші кезеңнің қорытындысын 25 мамырдан 1-2 күн бұрын жарияласаңыздар екен. Себебі, 25 мамырда жыл бойғы жұмысымыз қорытындыланады. Соған жіберген жұмысымыз нәтижелі болса, нәтижесін енгізсек деген сұраныс. Мені барлық әріптестерім қолдайды деп ойлаймын. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін!
Зульфия Тилешева
Зульфия Тилешева
18 мамыр 2018 ж. 11:11
Сәлеметсіздер ме! Екінші кезеңге өткен ұстаздарға сәттілік тілеймін!!! Сайттың мақсаты ұстаздарға жаңартылған мазмұндағы бағдарлама мақсатын түсіндіру, қолданымға әртүрлі ресурстар ұсыну. Мақсаттарыңыз орындалып жатыр, күннен күнге қоржынға әртүрлі материалдар салынуда. Рахмет.
Нұргүл Әбдіқадырова
Нұргүл Әбдіқадырова
18 мамыр 2018 ж. 9:34
Сайысқа қатысушы ұстаздарға сәттілік тілеймін!
Қалампыр Ермекова
Қалампыр Ермекова
17 мамыр 2018 ж. 18:18
Сайысқа қатысушы әріптестеріме сәттілік тілеймін.
Альберт Еслямгалиев
Альберт Еслямгалиев
16 мамыр 2018 ж. 12:36
Сәттілік әріптестер!
Гүлнар Көштаева
Гүлнар Көштаева
16 мамыр 2018 ж. 12:09
Барлықтарыңызға сәттілік.
Жансая Оралбекова
Жансая Оралбекова
14 мамыр 2018 ж. 18:59
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұйымдастырушылар! Сіздерге өтініш осы екінші кезеңнің қорытындысын 25 мамырдан ертерек жарияласаңыздар. Сайысқа қатысқан барлық ұстаздарға сәттілік, өзіме жеңіс тілеймін!
Арген Туребаев
Арген Туребаев
11 мамыр 2018 ж. 21:14
Республикалық байқауға қатысушыларға сәттілік тілеймін.