«Жаңашыл мұғалім» байқауының жеңімпазы

«Жаңашыл мұғалім» байқауының жеңімпазы

Bilim Media Group компаниясы мұғалімдер арасында BilimLand онлайн ресурстарын сабақта пайдалану бойынша алғаш рет байқау өткізді.  Байқау талаптары бойынша орындалған жұмыстар 2015 жылдың 10 наурызы мен 10 cәуірі аралығында қабылданды. 

Байқауға қатысып, жұмыстарын жіберген барлық қатысушыларға ризашылығымызды білдіреміз. Байқауға қазақ тілінде 300-ге жуық, орыс тілінде 31, ағылышын тілінде 16 жұмыс келіп түсті.

Байқаудың негізгі талабы бойынша BilimLand.kz білім беру порталының ресурстарын сабақ барысында пайдалану болатын.  Сондықтан да аталған талапқа жауап беретін жұмыстар ғана байқауда қарастырылды.

Тәжірибелі оқытушы-методистер мен Bilim Media Group компаниясының басшылығынан жасақталған жюри келіп түскен жұмыстарды өзектілігі, мазмұндылығы, нәтижелілігі мен  көрнекілігі негіздемелері бойынша бағалады. Байқауға қатысқандардың барлығы Bilim Media Group компаниясынан алғыс хат алады.  

Байқау жеңімпаздары Bilim Media Group компаниясы атынан дипломмен марапатталады және бір жылға өз таңдауы бойынша BilimLand.kz немесе Itest.kz, не Imektep.kz, немесе Twig-Bilim.kz білім беру ресурстарының біріне жазыла алады. Ең қызықты сабақ үлгілері ретінде танылған жұмыстар автор келісімімен BilimLand.kz сайтына жарияланады.

 

Үздік деп танылған жұмыстар:

Үздік видео номинациясы бойынша:

Расулов Н. Б. (Шымкент қ.)

BilimLand.kz ресурсы

Сыйлық: Диплом және Білім беру ресурсы (таңдау бойынша).

 

Үздік презентация номинациясы бойынша:

Мусаева Ж. З. (Ақтөбе қ.)

BilimLand.kz / Twig-Bilim.kz ресурстары;

Кенбаева Н. А. (Қызылорда қ.)

BilimLand.kz ресурсы;

Сыйлық: Диплом және Білім беру ресурсы (таңдау бойынша).

 

Қазақ тіліндегі үздік сабақ жоспары номинациясы бойынша:

Бешiмбаева ҚЕ. (Астана қ.)

ресурс BilimLand.kz; 

Досмағамбетова Ә. О. (Павлодар қ.)

ресурс Twig-Bilim.kz;

Карибжанова А. К. (Павлодар қ.)

ресурс Twig-Bilim.kz;

Джанжигитова Р. А. (Маңғыстау обл., Жаңаөзен қ.) iMektep.kz ресурсы;

Берженбаева АР. (Қызылорда обл., Жаңакорған ауд.) ресурс iMektep.kz;

Сыйлық: Диплом және Білім беру ресурсы (таңдау бойынша).

 

Орыс тіліндегі үздік сабақ жоспары номинациясы бойынша:

Куандыкова А. А. (Астана қ.)

BilimLand.kz / Twig-Bilim.kz ресурстары;

Кожабекова И. А. (Қызылорда қ.)

BilimLand.kz / Twig-Bilim.kz ресурстары;

Сыйлық: Диплом және Білім беру ресурсы (таңдау бойынша).

 

Ағылшын тіліндегі үздік сабақ жоспары номинациясы бойынша:

Асылбекова С. Н. (Астана қ.)

Twig-Bilim.kz ресурсы

Сыйлық: Диплом және Білім беру ресурсы (таңдау бойынша).

Сондай-ақ, сарапшылар «Жаңашыл мұғалім» атты арнайы номинацияны тағайындады. Бұл жүлдемен 
Федоровой С. В. мұғалімі сабақ барысында ерекше идеялар мен инновациялық тәсілдері арқылы BilimLand.kz, Twig-Bilim.kz и iTest.kz ресурстарын қолданғаны үшін марапатталды.(Қарағанды обл., Абай қ.) 

Сыйлық: Диплом, iPad mini және Білім беру ресурсы (таңдау бойынша)

 

Байқаудың жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз. Барлық мұғалімдерге қажымас қайрат, шығармашылық табыстар, мықты денсаулық және жаңа жетістіктер тілейміз.

Жаңалықтарымызға құлағдар бола жүріңіздер және жаңа байқауларға қатысыңыздар


Лаура Кенжеханқызы 

Маркетинг бөлімінің басшысы

Ұқсас мақалалар

Жеңімпазды құттықтау - Bilimland.kz Жеңімпазды құттықтау
08.05.2015
Біздің жеңімпаздарымыздың жұмыстары Twig-Bilim.kz - Bilimland.kz Біздің жеңімпаздарымыздың жұмыстары Twig-Bilim.kz
30.04.2015
Байқау жеңімпаздарының жұмыстары - Bilimland.kz Байқау жеңімпаздарының жұмыстары
24.04.2015