«XXI ғасыр – нақты ғылымдар ғасыры»

Уәлиетденова Айнұр
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған бекеті, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
1579
Информатика
Тақырыбы:
«XXI ғасыр – нақты ғылымдар ғасыры»

Сабақтың тақырыбы

«XXI ғасыр – нақты ғылымдар ғасыры» атты ашық тәрбие сағаты

Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың информатикадағы білімін жан-жақты қалыптастыру. Bilimland.kz, IMektep.kz, ITest.kz ресурстарын пайдалану арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Жетістік критерийлері

• ресурстарды қолдана біледі;

• информатиканың сырын түсінеді;

• ресурстарды пайдалана отырып, ұлы адамдар туралы ақпарат алады;

• информатика, физика, математика пәндері бір-бірімен байланысатын пәндер екенін түсінеді;

• терминдерді жатқа айта алады.

Тілдік мақсат

Тақырыпқа қатысты терминдерді үш тілде меңгереді, ағылшын тіліндегі материалдарды меңгере алады.

Құндылықтарды дарыту

Өзара сыйластыққа, жан-жақтылыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Физика, Математика, Ағылшын.

АКТ-ны қолдану дағдылары

Компьютер, интерактивті тақта. Bilimland.kz, IMektep.kz,ITest.kz ресурстары, слайдтар, түрлі-түсті конверт, смайликтер, дыбыс басқыш (звонок) т.б

Жоспарланған уақыт мөлшері

Жоспарланған жұмыс түрлері

 

Пайдаланылатын ресурстар

Сабақтың басы

1 мин.

 

 

 

 

Психологиялық дайындық

 

 

 

 

 

Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.

 

3 мин.

I. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сайыс жоспарын таныстыру.

Жарыс кезеңдері:

І кезең: «Таныстыру» (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде).

ІІ кезең: «Кім алғыр?»

ІІІ кезең: «Логикалық есептер».

ІV кезең: «Сен білесің бе?»

V кезең: «Қызықты сұрақтар».

VІ кезең: «Топ және топ басшыларына» сұрақтар.

VII кезең: Марапаттау.

Сабақ бастамас бұрын:

(Т) Мұғалім «Ойлан, тап!» ойынын ұсынады. Білім алушылар (Т) IMektep.kz ресурсынан математикалық фигураларды көріп, есте сақтау арқылы фигуралардың жұбын табады. Ойын арқылы көңілдерін көтереді. Негізгі мақсат логикалық ойын дамыту.

 информатика 1

 

 

 

 

 

 

IMektep.kz

лого информ Интербелсенді тақтамен жеке жұмыс.

 

 

 

 

 

 

1 мин.

 

 

 

 

4 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 40 мин.

 

 

 

 

 

 

«Ақ түс» өз пікірін білдіреді

 

 

Сары түс жақсы тұстарын айтады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қара түс сын айтады

 

 

 

 

 

 

 

 

Жасыл түс жаңа идея ұсынады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызыл түс эмоциялық көңіл күйін білдіреді

 

 

 

 

 

 

Көк түс басшылық жасап қорытынды айтады

Топқа бөлу

Сыныптың оқушыларын түрлі түсті карточкалар арқылы Bilimland, Imektep, ITest болып үш топқа бөлу.

Мұғалім: Елбасының «Қазақстан – 2030» стратегиялық жолдауы – егемендіктің кілтін ұстар жастардың жарқын болашағына апарар үлкен сүрлеу. ХХІ ғасырдың білімді, ойлы ұрпақтары, осы жоспарды болашақта іске асырушы, еліміздің экономикасына үлес қосушы жастар деп білемін. Қазақстанның болашағы – білімді ұрпағының қолында. Ендеше, болашағымыздың жарқын болуына өз үлесін қосып, еңбек еткелі отырған, сол еңбектерін, осы уақытқа дейін информатика пәнінен алған білімдерін ұшқыр ойларымен, шешендік тілімен өрнектеп ортаға салғалы отыр. Сонымен сайысқа қатысушылар, бүгінгі  «XXI ғасыр – нақты ғылымдар ғасыры» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Сайыста кез келген сұраққа ойланып, нақты жауап беріп, әрбір айналымнан сүрінбей өткен топ қана «Білгіштер» атына ие болады.

Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! «XXI ғасыр – нақты ғылымдар ғасыры» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілейміз. Егеменді еліміздің ертеңі болып саналатын бүгінгі біздің сабағымызға арқау болып отырған компьютерді игеру. Компьютердің мүмкіндігі шексіз. Онымен тіл табысқан адам әлемнің әр шалғайынан хабар алып, сол жерлерге еш қиындықсыз жете алады. Бұл информатика жетістігі. Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға алып баратын құдіретті күш тек білімге және компьютерлік сауаттылыққа тән. Компьютерлік сауаттылық бүгіннің де, ертеңнің де талабы. Әртүрлі ресурстарды пайдалана отырып, компьютерлік сауаттылықтың алтын кілтін алу үшін бүгінгі сайысымызды бастаймыз.

Әділ халқым берерсің әділ баға
Білімі мен білігін салыстырып, – дей келе ең алдымен сіздерді осы ойында әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.

1. ___________________________________________

2. ____________________________________

3. ____________________________________

Ескерту. Білім алушыларға сабақ жоспарын таныстырып болған соң, сұрақтың жауабын айту үшін мына тетікті басасыздар.

информатика 2

Олай болса балалар тақтаға қараймыз. Алдымызда не тұр?  – Ақ қақпа. – Дұрыс балалар.

І кезең: «Ақ қақпа».

Ақ қақпаны ашу үшін мына тапсырмаларды орындау қажет:

«Таныстыру» (Әр топ өз топтарын қорғайды. Әр жауапқа 5 ұпай беріледі). Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде.

ІІ кезең: «Сары қақпа».

 – Ал балалар, біз енді сары қақпаны ашу керекпіз. Енді сары қақпаны ашуымыз үшін «Кім алғыр?» кезеңінің сұрақтарына жауап беру керек. (Бұл бөлімде барлық топтарға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, тез болу керек. Қай топ басқышты (звонок) бірінші басады, сол ойыншы жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.)

информатика 3

 Сұрақтар:

1. Компьютердің атасы кім? (Чарльз Бэббидж)

2. 20–19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарған ғалым кім? (Блез Паскаль)
3. XVII ғасырдың басында логарифм түсінігін енгізген шотландиялық математик кім? (Джон Неппер)

4. Ежелгі Грекияның ұлы ғалымы, математигі, механигі. (Архимед)

5. Графика деген не?

6. Паскаль программасы неше бөліктен тұрады?.

7. Модуль дегеніміз не?

4 инфори  

ІІI кезең: «Қара қақпа».

информатика 5 информатика 6 информатика 8

Ал балалар, біз енді қара қақпаны ашу керекпіз Енді қара қақпаны ашу үшін «Логикалық есептерді» орындаймыз, барлық топтың жауабы нақты, тез болуы керек. (Қай топ басқышты (звонок) бірінші басады, сол ойыншы жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 15 ұпай беріледі. Bilimland.kz сайтынан бейнежазба көрсетіледі.)

IV кезең: «Жасыл қақпа».

– Ал балалар, біз енді жасыл қақпаны ашу керекпіз. Жасыл қақпа ашылу үшін «Сен білесің бе?» телевизиялық сұраққа жауап беруіміз керек, барлық топқа 5 минут арасында 20 ұпай беріледі.

1. Ғаламтор деген не?

2. Барометр деген не және оны калай пайдаланады?

3. Анимация деген не?

Телевизордан оқушы сұрақ қояды. 3 топ бірдей жауап берулері керек. Мысалы:

информатика 8

V кезең: «Қызыл қақпа».

– Ал балалар, біз енді қызыл қақпаны ашу керекпіз. Енді біздің қызыл қақпаны ашу үшін «Қызықты сұрақтар» беріледі.

1. Денелердің қозғалуын басқаратын физикалық заңдарды аңықтаңдар?

2. Жерден айға дейінгі қашықтықты қалай өлшейміз?

информатика 9 информатика 10

VI кезең. «Көк қақпа».

– Ал балалар, енді біздің алдымызда көк қақпа тұр. Қақпаны қалай ашамыз, ол үшін

1. Әр топқа ITest ресурсынан сұрақтар беріледі.

2. Топбасшыларына жеке тапсырма беріледі.

информатика 11

2. Ағылшын бөлімінен информатикаға байланысты сұрақтар қойылады.

Жалған және ақиқат логикалық амалдар.

Барлық топ: 20 ұпай.

Топ басшылары: 20 ұпай.

Сайыстың шешуші сәті төрешілерде.

Жеңімпазды анықтап, марапаттау.

Бүгінгі көріп тамашалаған«XXI ғасыр – нақты ғылымдар ғасыры» атты ашық тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті.

Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Bilimland.kz

лого информ

Видеожинақ

Ұлы адамдар

12 инф

Жауабы көрсетіледі.

Қосымша ақпарат беріледі.

информатика 13

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Bilimland.kz телевизиялық сұрақтар

посл информ

Компьютер, интерактивті тақта.

 

лого твин

Толық ақпарат көрсетіледі

 

лого тест

Сабақ қорытындысы

 

Рефлексия

 

Қорытындылау

Бүгін не білдік?

Кері байланыс:

Бүгін не білдім?

Мен үшін не қызықты болды?

Оқушылар стикерге өз ойларын жазып, тақтаға іледі.

Бағалау

VII кезең. Марапаттау.

Әділқазылар жеңімпаздарды марапаттайды.

 

Қате туралы хабарландыру