Школа-лицей №73

Школа-лицей №73 - Bilimland.kz
Школа-лицей №73
Лицей
Адрес:
191, 2
Электронный адрес:
Сайт:
Обновлено: 10.02.16
477
  • Школа-лицей №73 - Bilimland.kz
  • Школа-лицей №73 - Bilimland.kz
  • Школа-лицей №73 - Bilimland.kz
2014 жылы 1 қыркүйекте елімізде тұңғыш рет №73 физика – техникалық лицей бой көтерді. Атауына назар аударыңыздар! Елімізде физика – математикалық, математикалық мектептер өте көп. Ал физика – техникалық лицей тұңғыш рет ашылды. Білім жүйесінің дамуына өте қатты көңіл бөлетін елбасымыздың бастамасымен бой көтерді.
Мектеп, негізінен, физика – техникалық бағытта білім береді. Бізде гуманитарлық пәндер тереңдетіліп оқытылмайды. Ең ұтымдысы – бұл бағыттағы мектептің таза қазақ тілінде оқытылуы (осы орайда бізде өзге ұлт өкілдері де білім алатынын айта кетейік). Яғни, қазіргі таңда Астана қаласындағы №73 мектеп – лицей елордадағы үздік 10 директордың көшбасшысы Байтажикова Құралай Амангелдіқызының басқаруымен қатарында үздік математиктер, үздік химиктер, үздік физиктер жинақталған құраммен шәкірттерге білім беруде.
Алғашқы жылы 545 оқушымен білім әлеміне аяқ басқан мектебіміздің саны биыл 1017 балаға дейін өсті. Ата – аналар тарапынан, оқушылар тарапынан қызығушылық басым, өйткені бұл мектепте талап қатал, тәртіп мығым.
Бұл – жетістіктердің бір парасы ғана. Біз тек ең үздіктерін атап көрсеттік. Мектебімізде пән олимпиадаларына дайындық мықты қолға алынған. Сонымен қатар, қоғамдық іс – шаралар, спорт саласында қарқынды жұмыстар атқарылуда. Биылғы оқу жылында волейболдан қыздар және ұлдар құрамасы қалалық кезеңге жолдама алды.
Өткен оқу жылында қалалық деңгейлік курс бітірген мұғалімдер семинарында біздің мектебіміздің ұстаздары сабақ өткен болатын.