Қазақ тілі

О курсе

Бұл курста сен сөз қорын байыту негізінде сөйлемдер мен мәтіндер құрастыруды үйренесің, стильдік ерекшеліктермен танысасың, өзің үшін қазақ тілінің астарлы сөздерінің қыр-сырын да ашатын боласың. Ойыңды әсерлі жеткізуге де бейімделесің. Қазақ ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикетінің формалары арқылы қарым-қатынас жасауда сыпайылық көрсетудің, адамдармен тіл табысудың негізгі құралдарын меңгересің.

Қазақ әдебиетінің белгілі ақындары мен прозаиктері шығармаларымен таныса отырып, қазақ тілінің сөз байлығына, әсерлігіне көзің жетеді. Сонымен қатар, шығармалардағы қолданылған көркемдеуіш тілдік құралдарды зерттеп, өзің де мәтін жазуда әр түрлі эпитет, теңеу, метафоралар қолдануды үйренесің.

Қазақ елінің белгілі қаламгерлерінің көркем тілінен мол әсер алатыныңа сенімдіміз. Саған өз ойыңды білдіруге жағдай жасалған: тақырып бойынша сөз қорын жинап, ойыңды әр түрлі синонимді сөйлемдермен беру арқылы өз мәтініңді құрастыруға жаттығасың.

Поделиться в социальных сетях:

Содержание

Отзывы(0)

Қазақ тілі 6-сынып
0
Отзывы
Методические рекомендации для учителя
Поделиться в социальных сетях: