Жобалық жұмыс 2018

Байқау туралы

«Жобалық жұмыс» байқауын өткізу ережесі

Мақсаты:

  • оқушылардың ғылыми жоба жұмыстарын жасау және онда АКТ-ны қолдану белсенділігін арттыру;
  • оқушылардың ғылыми-шығармашылық қабілеттерін, ғылыми-зерттеушілік бейімдерін дамытып, ғылымға деген қызығушылықтарын ояту;
  • гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық, технологиялық, ақпараттық пәндерге деген мектеп оқушыларының қызығушылығын арттыру;
  • ғылыми зерттеуге бейімі бар дарынды оқушылар мен мұғалімдерді анықтау, ынталандыру.

Байқауды өткізу мерзімі және тәртібі

Мерзімі: 16.04-31.05.2018 жыл.

Байқау шарттары:

Байқауға ұсынылатын жұмыстар байқау талаптарына сай болуы керек. Қалғанын (құрылымы және дизайнерлік безендірілуі) автор өзінің қойған мақсаттарына қарай шешеді.

Байқауға қатыса отырып, қатысушылар жобалық жұмыстарын (оның ішінде видео және мәтін түріндегі материалдарды) bilimland.kz сайтында және әлеуметтік желілерде жариялауға BMG компаниясына рұқсат береді.

Байқауды ұйымдастыру:

Байқау жұмыстарын тәуелсіз сараптама комиссиясы бағалайды.

Байқау жеңімпаздары дипломдар мен 200 000 теңге ақшалай сыйлық алады.

Байқауға қатысқан 10 үздік жобалық жұмыстың үйлестірушілеріне алғысхаттар табысталады. Ал оқушыларға bilimland.kz порталына жартыжылдық жазылым және байқауға қатысқаны туралы сертификат беріледі.

Байқау жұмыстарын бағалау мерзімі:

01.06-01.07.2018 жыл.

Жұмыстарды қабылдау мерзімі:

bilimland.kz білім беру порталында 2018 жылдың 16 cәуірінен басталады.

Қорытынды

Байқау қорытындысы bilimland.kz порталында және әлеуметтік желілерде 2018 жылдың 1 шілдесіне дейін жарияланады.

2018 жылдың 1 шілдесіне дейін жеңімпаздар марапатталып, электронды форматта диплом, алғысхат, сертификат және сыйлықтар табысталады.

Байқау талаптары

Байқауға қатысушылар

Байқауға кімдер қатыса алады?

Байқауға бастауыш және орта білім беру мекемелерінің қазіргі уақытта қызмет атқарып жүрген мұғалімдері (жоба үйлестірушісі ретінде) және оқушылары (2 оқушыдан көп емес) қатыса алады. Оқушылардың жас мөлшері: 6 жастан жоғары.

Байқауға қатысушылардың тұрғылықты жері: Қазақстан.

Байқау жұмыстары

Жобалық жұмыстың жоспарын Microsoft Word форматында (А4 форматында 5 бетке дейін) және жұмыстың презентациясы мен қорғауының видеосын (15 минуттан аспауы тиіс) жолдау.

Байқау шарты:

Байқауға білім беру ресурстары мен АКТ пайдаланылып жүргізілген ғылыми жобалар: bilimland.kz, itest.kz, twig-bilim.kz, imektep.kz, kitap.kz, khanacademy.org, ted.com, e-history.kz, youtube.com және т.б. білім беру ресурстарының материалдарын пайдаланып жасалған ғылыми жоба жоспары ұсынылады.   

Ескерту (видео бойынша)

Қысқаша таныстыру керек (барлық қатысушылар қысқа уақытта өздерін таныстырады).

Жоба тақырыбы және оның өзектілігі жайлы айту.

Жобаның мақсаты мен міндетіне сәйкес оның кез келген кезеңінде ресурстарды пайдалану.  

Жобалық жұмыста АКТ-ны қолданудың өзектілігі мен маңызы жайлы әңгімелеу.

Видео 15 минуттан аспауы керек. Видеоның форматы: mp4.

Байқау форматы

Қашықтықтан, bilimland.kz сайтында.

Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар:

  • жобалық жұмыс тақырыбының өзектілігі және оның мақсаты мен міндеті;
  • жобалық жұмыс нәтижелерінің тәжірибеде қолданылуы;
  • сапалы безендірілген жұмыс;
  • автор идеяларының ғылыми жаңалығы;
  • жобада пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен электронды ресурстар сілтемесін көрсету;
  • авторлық құқықты сақтау.
Жобалық жұмыс

Жобалық жұмыстың жоспары

Жобалық жұмыстың жоспары жұмыстың барлық кезеңдері сипатталатын жұмыстың барысы туралы ақпараттан тұруы керек:

  1. Жоба тақырыбының өзектелігі мен көтеретін мәселелері.
  2. Жобада көрсетілген шешімдердің дәлелдермен берілуі; жобада көрсетілген мәселелердің шешілу жолдары.
  3. Жинақталған ақпараттың, жүргізілген ғылыми тәжірибелер мен бақылаулардың сараптамасы берілуі тиіс, егер сауалнама жүргізілген болса, нәтижелері келтірілуі тиіс.
  4. Қорытынды шығарылып, жобаның жаңалығы, өміршеңділігі анықталады.

Ескерту: жоспарда қолданылған білім беру ресурстарының маңыздылығы мен өзектілігі туралы айтылуы керек. Сілтемелер міндетті түрде берілуі керек.

Видеода жобаға қатысушы өзі туралы қысқаша мәлімет беруі және жобаны қорғауы керек. Сондай-ақ, атқарылған жұмыстың нәтижелері мен АКТ-ны оңтайлы қолдануы көрсетілуі керек.

Жалғастыру үшін «Келесі» батырмасын басыңыз

Мақалалар