Жаһандық құзыреттілік
Курс туралы
«Жаһандық құзыреттілік» курсы 5–11 сынып оқушыларына арналған оқу үдерісіне енгізілген. Бұл курс жасөспірімдердің айналадағы ортамен саналы әрі жауапты қарым-қатынас жасауына қажет әмбебап білімді, дағдылар мен көзқарастарды қалыптастыруға бағытталған.
Курстың негізгі мақсаты – оқушыларды өзіне және айналасындағы адамдарға құрметпен қарауға, сыни ойлауға, саналы таңдау жасауға, мәдени әртүрлілікті түсінуге, денсаулығын бағалап, дұрыс шешім қабылдауға, жарасымды қарым-қатынас орнатуға, этикалық және құқықтық қағидаларды ұстануға үйрету.
Курс жасөспірімдердің күнделікті өміріне тікелей қатысты тақырыптар төңірегінде құрылады: қауіпсіздік, денсаулық, қарым-қатынас, адам құқықтары, цифрлық мәдениет, этика, азаматтық белсенділік. Курстың мазмұны пәнаралық сипатқа ие және биология, информатика, құқық негіздері, қоғамтану сияқты мектеп пәндерін толықтырады.
Курсты оқытудың тиімді құралдарының бірі – ЮНЕСКО-ның білім беру саласындағы ақпараттық технологиялар институтының қолдауымен авторлар ұжымы әзірлеген бейнесабақтар. Бұл бейнематериалдар UNESCO IITE YouTube арнасында қолжетімді және:
- күрделі ұғымдарды көзбен көру арқылы жеңіл түсінуге мүмкіндік береді;
- маңызды, бірақ кейде сезімтал тақырыптарды қауіпсіз жағдайда талқылауға көмектеседі;
- мұғалім мен оқушы арасындағы диалогты қолдайды;
- сабаққа қатысуға және тақырыпты өз бетінше ұғынуға ынталандырады.
Курстың материалдары мен бейнесабақтары глобалдық құзыреттерді дамытуға ықпал етеді – бұл тез өзгеріп жатқан күрделі әлемде өмір сүре алатын, өзін де, өзгені де құрметтейтін, саналы шешім қабылдауға және қоғам өміріне белсенді қатысуға дайын тұлғаны қалыптастыратын қасиеттер жиынтығы.
Педагогтерге арналған «Жалпы білім беретін мектептердің 5-11 сыныптарында оқу сабақтарында бейнесабақтарды пайдалану» нұсқаулығын келесі сілтеме арқылы жүктеп алуға болады.