Форум

Ата-аналар жиналысы

Жарияланған күні: 10.29.2019

Ата-аналар жиналысы туралы қандай ұсыныс айтар едіңіз?

ата-аналар жиналысы бұл біріншіден оқытушы мен ата-ана арасындағы байланыс.

Сынып жетекші жұмысының маңызды бір бағыты – оқушылардың отбасымен жұмыс жасау. Және де балалар дамуының қай жағын қарастырсақ та, оның әрбір жастта тиімді болуында отбасының атқарар рөлі үлкен. Сондықтан да негізгі тәрбиелеуші отбасы, ал сынып жетекшінің міндеті оларға көмектесу.

Сыныптағы ата-аналар жиналысы - сыныптағы барлық ата-аналар ұжымымен бір мезгілде қарым-қатынас жасаудың тиімді формасы. сондықтан жиналысқа кешікпей келу керек.

Сынып жетекші әрбір бала туралы неғұрлым көп мәлімет алған сайын, оның қалыптасуы үшін қалыпты жағдай жасауға мүмкіндігі көп. жиналыс барысында анкетирование, сұрақ-жауап тб жүргізіп отырса, бала мен ата-ана арасындағы байланысты ашуға болады.

ата-аналармен тек жиналыс емес, сонымен қатар баласымен бірге ойындар, тренингтер, сабақтар өткізген дұрыс.

Сынып жетекшісі мен ата-ана арасындағы байланыстың маңыздылығы зор.

ата-аналар жиналысы ата-анамен мұғалім үшін маңызды кездесу

Сынып жетекшілік жұмысы көп ізденісті талап етеді.Сіздің жұмысыңызға сәттілік тілеймін!

Ата-анамен сынып жетекші тығыз байланыста болу керек
ата-аналар жиналысы бұл мұғалім мен ата-на-оқушы арасындағы негізгі байланыс құралы

«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші жақсы – жаман әдеттерді бала отбасында үйренеді. сол себепті ата-аналармен кездесу арқылы оқушының үй жағдайымен оңай танысуға болады

Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру. Баланың мейірімді сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру. Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі рөл атқарады. Мұғалім мен ата-аналардың өзара қатынасы міндеттерінің ең негізгісі — психологиялық-педагогикалық білімдерін көтеру болып табылады. Осы міндеттерді шешуде оқу бағдарламасын меңгертуде түрлі тиімді әдістер мен технологияларды пайдаланғаны сияқты, ата-аналарға көмек ретінде «Өзін-өзі тану» пәнінің формаларын пайдалана отырып ата-аналар жиналысының дәстүрлі емес түрін өткізгенде интерактивті тақтаны, яғни ақпараттық технологияны пайдалану ата-ана қызығушылығын арттырып қана қоймай, жеке танып- білуге, байланысты нығайтуға қосар үлесі зор.

Жас ұрпақтың тәрбиесіне қойылған жаңа заман талабы – өз Отанын сүйіп және құрметтейтін, өзара қрым – қатынас жасай білетін, өзін- өзі жетілдіру арқылы өмірлік мақсаттарына жете алатын ұрпақ тәрбиелеу отбасы, қоғам алдындағы міндет. бұл міндет ата-ана мен мектепке жүктеледі. сондықтан бірлесіп жұмыс жасау қажет

ата-аналар жиналысы бұл мұғалім мен ата-ана-оқушы арасындағы негізгі байланыс құралы.?

Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата - ананың жауапкершілігі. мектеп білім ордасы

Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата - аналар іс - жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат

Бізде көптеген ата - аналар баланың кемшілігін мектептегі мұғалімдерден көреді. Отбасында мұғалімдер туралы жақсы пікір айтылса, алдымен ата - ананың мектеп, ұстаз туралы жақсы ниеті балаға жақсы әсер етеді. Ондай балалардың оқуға, білімге, мектепке құштарлығы артады. Ұстазды, адамды сыйлауы өзгеше болады. Мектеп, ұстаз туралы басқаша пікірде көңілі толмаған ойлардың жетегінде баласының алдында ғайбаттау сөздер сөйленетін болса, ол баланың мектеп, мұғалімге көзқарасы өзгереді. Оқу - үлгеріміне әсер етеді. Немқұрайлы қарап, үлгерімі нашарлайды. Ата - ана өз баласының ынтасын үйдегі тәрбие арқылы өзі жойып отырғанын білмейді. Бала тәрбиесі отбасынан басталады. Мектепке келгеннен кейін ол мінез отбасында қалыптасқан тәрбие одан әрі жалғасады. Бір тәуліктің яғни 24 сағаттың 6 сағаты мектепте, қалғаны тәрбие ордасы, үнемі ата - ана болып қала береді. Баланың сабаққа саналы қарап озат оқушы болып өсуі, ол мұғалім мен ата - ананың бірігіп өсірген жеміс ағашы, немесе ұшқыр ұшақ жасаумен тең десем артық емес.

Мұғалім оқушыны дұрыс түсіну үшін, ата-анасын да білгені жөн. Сондықтан, бұл іс-шара олармен танысудың бір қадамы деп ойлаймын

Ата-ана мен мектеп тығыз қарым-қатынаста болған жағдайда ғана оқушылардың білім сапасын көтеруге болады. Жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей, мұғалім мен ата-ана және оқушы біріккен жағдайда ғана жетістіктерге жетеді деп ойлаймын.

Бұл тақырыпқа жауап беру үшін сайтқа кіру керек