2019 жылдың 30 тамызы мен 2020 жылдың 25 қаңтары аралығында өтетін эссе және өлең-жыр байқауына шығармалар қабылдаймыз.
Мақсаты: Шығармашыл жастардың өнеріне қолдау көрсете отырып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, өлең-сөздің құдыреті арқылы қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Сайысқа қатысушылардың эссе және өлең-жырлары үстіміздегі жылдың 25 қаңтарына дейін қабылданады. Қабылданған шығармалар 1 айдың (25 қаңтар - 25 ақпан) көлемінде іріктеуден өтіп, жеңімпаздар анықталып, 2020 жылдың 26 ақпан күні сайтымызда жарияланады.
Негізгі жүлделер:
Өлең-жыр
І орын – біреу – смартфон + диплом.
ІІ орын – екеу – PowerBank + диплом.
ІІІ орын – үшеу – PowerBank + диплом.
Эссе
І орын – біреу – смартфон + диплом.
ІІ орын – екеу – PowerBank + диплом.
ІІІ орын – үшеу – PowerBank + диплом.
Сонымен қатар Bilimland.kz сайтында да әр аптаның қорытындысы бойынша үздік шығармалар жарияланып, авторлары bilimland ұжымынан PowerBank-пен марапатталады. Байқау соңында, негізгі жүлделерден бөлек, Bilimland.kz ұжымының атынан да арнайы сыйлық иесі анықталатын болады. Ең үздік шығарманы Bilimland.kz сайтына жариялап, бағалы смартфонмен марапаттайды.
Шарттар:
— Сайысқа қатысушылардың жасы 14 - 29 аралығында болуы керек.
— Порталға тіркеліп (алдын тіркелгендердің қайта тіркелуі қажет емес, сол аккаунттары жарайды), өлең-жыр немесе эссе енгізу керек;
— Еркін тақырыптағы эссе және өлең-жырлар қабылданады. Эссенің көлемі кем дегенде 350 сөз.
— Ілмектердің ішінде «bilim2019» деген ілмек міндетті түрде болу керек (сайысқа қатысқанын осы ілмек арқылы білеміз), эссе енгізгенде категориялардан «Сайыс2019» деген бөлімді таңдау керек;
Нұсқаулықтар:
- Құпиясөзді (парольді) ұмытқан жағдайда
- Өлең қосу (сұрақтар туындамас үшін мұқият қарап шығыңыз)
- Ілмек бойынша іздеу деген не және оны қалай қолданамыз?
- Сайтқа материал қосу (Эссе енгізу үшін «Мақала қосу» дегенді таңдау керек)
Өлең-жыр: «bilim2019» ілмегі арқылы табуға болады.
Эссе: «Сайыс2019» бөлімінде.
Барлық өлең-жырлар: Өлеңдер бөлімінде.
Сұрақтар үшін:
E-mail: bilimall.kz@gmail.com
WhatsApp: +7 701 754 04 73