Алдыңыздан жиі шығатын жазылмаған заңдылықтар

Алдыңыздан жиі шығатын жазылмаған заңдылықтар

Алдыңыздан жиі шығатын жазылмаған заңдылықтар:

 

Хлейд заңы

Ең қиын жұмысты ең жалқау адамға беру керек. Ол міндетті түрде жеңіл әрі сапалы тәсіл тауып, жасап шығады. Себебеі жұмысты қайта-қайта жасап жүргісі келмейді.  

 

Мерфи заңы

Егер бір жамандықтың болу ықтималдылығы жоғары болса, ол міндетті түрде болады.

 

Мексимен заңы

Жұмысты үнемі дер кезінде бітіруге уақыт жетпей қала береді. Ал оны жөндеу үшін уақыт үнемі жетеді.

 

Іздеу  заңдылығы

Сіздің іздеген затыңыз үнемі ойға кіріп-шықпайтын немесе ең оңай  жерлерде жатады. Сондықтан, бірден біртүрлі жерлерден іздеңіз.

 

Кана мен Орбеннің аксиомасы

Егер ештеңе көмектеспей қойса, онда инструкцияны қайталап оқыңыз!

 

Хэнлонның тұжырымдамасы

Негізінен, сіздің қатыгездік деп жүргеніңіздің көбі ақымақтықтың кесірінен  жасалған. Сондықтан адамдарды босқа кінәламаңыз.

 

Парето заңы

20% әрекет 80% нәтиже береді. Ал кейде бұл жүйе керісінше жұмыс жасайды.

 

Янг заңы

Барлық ұлы ашылулар қателіктен туындайды.

 

Сегал заңы

Бір сағаты бар адам сағат қанша болғанын нақты біледі. Ал бірнеше сағаты бар адам сенімсіз болады.

 

Паркинсон заңы

Уақыт өткен сайын жұмыс көлемі де өсе береді.  Шығын көлемі кіріс көлеміне қарай көбейеді. Кез келген даму қиындықтарға жол ашады.