Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. 

Тарихқа көз жүгіртсек…

1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25-қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті.

Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17-19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады. Желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК-нің қаулысымен “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болды.

1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25-қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті.

Біле жүріңіз…

Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып айдаһардай айбарлы Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Иран — Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекет.

Айта кетейік, 2021 жылдың 16 желтоқсанында мерекеленетін Тәуелсіздіктің 30 жылдығына дайындық басталып кетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлауға қатысты мемлекеттік комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойған болатын. 

Тәуелсіздік мерекесі – күнтізбедегі қызыл күн ғана емес! Бабаларымыздың сан ғасырлық арманы, талай азап, төгілген қан мен тердің өтеуі. Бұл қасиетті мерекені әрбір Қазақстан азаматы жүрегімен сезінуі тиіс!

Bilimland.kz ұжымы барша қазақстандықтарды сонау атаулы мерекемен құттықтайды. Егеменді елдің тұтқасын ұстар, халықаралық аренада мемлекетіміздің беделін асқақтатар білімді, саналы ұрпақ арта беруін тілейді! Біздің болашағымыз жастардың қолында! 

Пайдаланылған дереккөздер: wikipedia.orgstan.kz