«Online Mektep» жобасының ұстаздарына 400 000 теңге берілді

«Online Mektep» жобасының ұстаздарына 400 000 теңге берілді

«Online Mektep» жобасы аясында ұстаздардың атқарған еңбегін қолдау және ынталандыру мақсатында BilimLand білім беру платформасы жүлде қоры  400 000 теңге болатын «Менің үздік сабағым» атты байқау ұйымдастырды. Байқауға «Online Mektep» жобасы аясында жұмыс жасаған 160-қа жуық мұғалім қатысты. Байқау 2020 жылдың 01.05 ー 15.05 аралығынды өтті. 

Байқау шарттарына сәйкес 4 мұғалім байқау жеңімпазы атанды, оның ішінде жүлде қоры байланысты: 

● қазақ тілді 1-5  сыныптар мұғалімдері арасында - 100 000 теңге

● қазақ тілді 6-11  сыныптар мұғалімдері арасында - 100 000 теңге

● орыс тілді 1-5  сыныптар мұғалімдері арасында - 100 000 теңге

● орыс тілді 6-11 сыныптар мұғалімдері арасында - 100 000 теңге болып бөлінген.

Байқау нәтижелері: 

Қазақ тілінде білім беретін 1-5  сыныптар мұғалімдері арасында 5 сыныпқа математика пәнінен сабақ берген Сердалы Айгүл Киікбайқызы жеңімпаз атанды. 

Қазақ тілінде білім беретін 6-11  сыныптар мұғалімдері арасында 6   cыныпқа математика пәнінен сабақ берген Ибраева Сұлушаш Анафияновна жеңімпаз атанды. 

Орыс тілінде білім беретін 1-5  сыныптар мұғалімдері арасында 2 сынып математика пәнінің мұғалімі Раш Шахеризада Мухтаровна жеңімпаз атанды. 

Орыс тілінде білім беретін 6-11 сыныптар мұғалімдері арасында 11 сынып химия пәнінің мұғалімі Шынгисова Дина Аргимбековна жеңімпаз атанды. 

Барлық жеңімпаздарды тағы да шын көңілмен құттықтаймыз! Елімізде енгізілген төтенше жағдайға қарамастан, білім беру жолында талмай еңбек еткен барлық ұстаздарға алғыс айтамыз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз!