OnlineMektep2020 республикалық әлеуметтік-білім беру байқауы аяқталды

OnlineMektep2020 республикалық әлеуметтік-білім беру байқауы аяқталды

Жаңа 2020-2021 оқу жылы қарсаңында OnlineMektep.org порталында қашықтан оқитын барлық оқушылар мен олардың ата-аналарын, қашықтан білім беретін ұстаздарды қолдау және ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған «OnlineMektep2020» республикалық әлеуметтік-білім беру байқауы да өз мәресіне жетті.

Бұл байқау қашықтан оқу үрдісіне өте жақсы ықпал етті, себебі ата-аналар #OnlineMektep2020 бірегей хэштегін қолдана отырып, ұстаздар мен оқушылардың жаңа оқу жылында жақсы нәтижелер көрсетуіне қолдау білдірді. Сондай-ақ, елдегі пандемия жағдайына қарамастан, қашықтан оқытудың ең үздік құралы - OnlineMektep.org порталының жұмысы мен қызметтерімен толықтай танысу және қолданысын арттыру үшін жақсы мүмкіндік болды. 

Байқау 21 тамыздан 21 қыркүйекке дейін өткізілді. Байқауда #OnlineMektep2020 бірегей хэштегі бойынша 400-ге жуық қатысушы қатысып, видео жариялады. Байқау шарттарына сөйкес ең көп қатысушы қатысқан мектеп жеңімпаз атанды. 25 қыркүйек күні барлық қатысушылардың видеосын зерттей отыра, байқау нәтижесін жарияладық. 

Байқау нәтижесі бойынша ең көп қатысушы Нұр-Сұлтан қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясы атынан қатысып, мектеп BilimBook ноутбугін жеңіп алды. Байқауға белсене қатысқаны үшін барлық қатысушыларға, мектеп ұстаздары мен әкімшілігіне алғыс айтамыз. 

 

Байқауға OnlineMektep платформасына қосылған кез келген мектептің оқушылары мен ата-аналары қатыса алатындықтан, біздің байқауға белсене қатысып, алайда, жеңімпаз атануға сәл-ақ қалған мектептерді атап өткізіміз келеді: 

Рудный қаласы әкімдігінің «№15 орта мектебі» КММ

ГУ "Береговая средняя общеобразовательная школа"

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәни атындағы №85 мектеп- лицей" КММ

№81 «Astana English School мамандандырылған гимназиясы».

 

Жеңімпаз мектеп Нұр-Сұлтан қаласында болғандықтан, байқауда жеңіске жеткені үшін арнайы барып, марапаттау рәсімін өткізгіміз келді. Марапаттау рәсімі мен қашықтан оқыту жайлы сұхбатымызды келесі сілтеме бойынша көре аласыздар: 

https://www.youtube.com/watch?v=MImDAR-25QU

 

Алдағы уақытта Bilim Media Group компаниясы әр облыс бойынша бір мектеп BilimBook дербес оқыту құрылғысын жеңіп ала алатын байқау жариялайды. Байқау республикалық деңгейде барлық мектептерді қамти отыра, ұйымдастырылады. Байқау жайлы ақпарат Instagram, Facebook, ВКонтакте әлеуметтік желілеріндегі біздің ресми парақшаларымызда және bilimland.kz, onlinemektep.org платформаларында жарияланады. Сәттілік!