«Симулятор жасап көр» байқауы жеңімпазының жұмысы bilimland.kz сайтында

«Симулятор жасап көр» байқауы жеңімпазының жұмысы bilimland.kz сайтында

Биыл Bilim Media Group және Phet Simulation (University of Colorado Boulder) компаниялары бірлесе отырып, оқушыларға арналған «Симулятор жасап көр» байқауын ұйымдастырған болатын. Байқау талабы бойынша оқушы электронды жаттықтырғыштың жасалу жолы мұқият түсіндірілген материал жолдайды, ал біздің мамандар ең үздік жұмыс бойынша электронды жаттықтырғыш құрап шығарады.

Сонымен, байқау қорытындысы бойынша «Ле Шателье принципі» тақырыбында үздік жұмыс жолдаған оқушы Жәнібеков Ринат жеңімпаз болып анықталды.

Симулятор Ле Шателье принципінің жүзеге асырылуын аммиакты синтездеу реакциясы негізінде көрсетеді. Жүйедегі тепе-теңдіктің ығысуына заттар мен өнімдердің концентрацияларының, қысымның (газдар үшін) және температураның өзгеруі әсер етеді. Тепе-теңдік күйге келген жүйеде тура және кері реакциялардың жылдамдықтары бірдей болады. Жүйедегі азот немесе сутектің концентрациясын арттырғанда Ле Шателье принципі бойынша тепе-теңдік олардың концентрациясын кемітетін, яғни аммиак түзілетін бағытқа қарай ығысады. Керісінше, жүйедегі аммиак концентрациясын арттырғанда тепе-теңдік аммиактың концентрациясын азайтатын, яғни сутек пен азот түзілетін реакция бағытына қарай ығысады.

Симулятор балаларға тақырыпты меңгеруде үлкен көмек көрсетеді деп сенеміз. Себебі дәл осындай сеніммен біздің мамандар бұл симуляторды құрап шығарды. Біздің ұжым талабы мен таланты бар балаларға қолдау көрсетуге қашанда дайын!

Ұқсас мақалалар

«Симулятор жасап көр!» байқауының қорытындысы - Bilimland.kz «Симулятор жасап көр!» байқауының қорытындысы
26.12.2017
Оқушыларға арналған республикалық байқау - Bilimland.kz Оқушыларға арналған республикалық байқау
10.11.2017