«Тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы цифрлық технологиялар» номинациясы

«Тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы цифрлық технологиялар» номинациясы
«Тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы цифрлық технологиялар» номинациясы 

Қазіргі уақытта цифрлық технологиялар біздің өміріміздің әртүрлі салаларында маңызды рөл атқарады. Тәрбие жұмысында да цифрлық құралдарды қолдану назардан тыс қалған жоқ. Цифрлық технологияларды тәрбие қызметіне кіріктіре отырып, қолдану жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Республикалық «Жаңашыл мұғалім - 2023» байқауында тәрбие жұмысын ұйымдастыруда цифрлық құралдарды тиімді, жаңашыл тәсілмен көрсету басты шарт болып танылды. Бүгін біз «Тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы цифрлық технологиялар» номинациясы бойынша жеңіске жеткен Тулепкалиева Ляйля Шапбазкерейқызының жұмысын назарларыңызға ұсынамыз.

Ляйля Шапбазкерейқызының жұмысына берілген сарапшы пікірі: "Цифрлық ресурстарды тиімді пайдалана білумен қатар, мұғалім оқушылардың ұжымдағы жұмысына көп көңіл бөлді. Оқушыларға ұсынылған практикалық тапсырмалар мазмұнды. Сабақта орындалған жұмыстар арқылы күтілетін нәтижеге қол жеткізілді".

Жеңімпазды құттықтаймыз және бұл конкурстық жұмыс еліміздің әр өңіріндегі педагогтер мен мектептерге шабыт сыйлайды деп үміттенеміз.

Тулепкалиева Ляйля Шапбазкереевна

Конкурс4

Облысы: Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Новенькое ауылы

Мектебі: Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің «Новенькое жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Сыныбы: бастауыш сынып

Сабақтың тақырыбы: «Кітап- асыл қазына»

Тілі: қазақ тілінде

Жүлдесі: жеңімпаз дипломы мен 500 000 теңге

 

 

Ұқсас мақалалар

«Білім беруді цифрландыру жағдайында мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту» номинациясы - Bilimland.kz «Білім беруді цифрландыру жағдайында мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту» номинациясы
15.06.2023
«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту» номинациясы - Bilimland.kz «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту» номинациясы
13.06.2023
«Сабақтағы заманауи педагогикалық технологиялар» номинациясы - Bilimland.kz «Сабақтағы заманауи педагогикалық технологиялар» номинациясы
12.06.2023