«Жаңашыл мұғалім 2021 – 2022» байқауының қорытындысы

«Жаңашыл мұғалім 2021 – 2022» байқауының қорытындысы

Педагогтерге арналған жыл сайын өтетін «Жаңашыл мұғалім 2021 – 2022» республикалық байқауы аяқталды. Байқауға еліміздің барлық өңірінен мұғалімдер қатысты. Байқаудың мақсаты – педагогикалық практикада цифрлық ресурстарды қолданудың озық үлгілерін анықтау. Екі кезеңмен өткен байқау оқу жылының соңында қорытындыланды.

Байқауға қатысушылар өз жұмыстарында: сабақ әзірлемелерінде, сыныптан тыс іс-шараларда, жобалық жұмыстарда, сабақтардың видеофрагменттерінде кәсіби деңгейлерінің жоғары екенін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға шығармашылық тұрғысынан қарағанын көрсетті. Өкінішке орай, байқау талаптарына сай келмегендіктен, оның ішінде техникалық себептермен, іріктеуден өтпеген жұмыстар да болды.

«Жаңашыл мұғалім 2021 – 2022» байқауының жеңімпаздарын құрамына жетекші мамандар, педагогика шеберлері, сондай-ақ өткен жылдардағы байқау жеңімпаздары енген сараптама комиссиясы анықтады. Сараптама комиссиясының құрамы: 

  • Козина Светлана Степановна – педагогика шебері, сарапшы, курстар тренері, география оқулығының бірлескен авторы, әдістемеші;
  • Тасмағанбетова Бинегүл Күнтуқызы – әдіскер, Алматы қ. Бостандық АББ маманы;
  • Янчук Анна Владимировна – «Жаңашыл мұғалім – 2020» байқауының жеңімпазы;
  • Тоқжігітова Аяужан Қонысбайқызы – «Жаңашыл мұғалім – 2020» байқауының жеңімпазы;
  • Қалиақбарова Эльмира Біләлқызы – «Bilim Land» компаниясы ұйымдастырған «Жобалау қызметі» байқауының жеңімпазы (2019 ж.);
  • Дубинина Анна Васильевна – бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші;
  • Дүйсенбина Қаракөз Дулатбайқызы – география және биология пәнінің мұғалімі, педагогика шебері, «Көшбасшы мұғалім» (2014 ж.), «Практикадағы рефлексия» тренері (2016 ж.);
  • Шыңғысова Дина Арғымбекқызы – химия және биология мұғалімі, педагогика шебері;
  • Абзалбек Лаура Сапарқызы – критерийлік бағалау жөніндегі аға менеджер, («НЗМ» ДББҰ «ПӨО» Нұр-сұлтан қалалық филиалы);
  • Лесова Сапаркүл Шәріпбайқызы – биология пәнінің мұғалімі, «Bilim Land» компаниясы ұйымдастырған «Төңкерілген сынып» байқауының жеңімпазы (2021 ж.).

Білікті қазылар алқасы байқауға қатысқан жұмыстардың әдістемелік мазмұндылығын, идеясының бірегейлігін, цифрлық ресурстарды қолданудың өзектілігі мен нәтижелілігін, сондай-ақ жалпы көрнекілігін бағалады. Сарапшылар білім беру ресурстарының шебер әрі қалыптан тыс тәсілмен қолданылуына, жаңа педагогикалық технологиялардың қолданылуына, сондай-ақ педагогтің оқушылармен өзара іс-қимыл жасай алуына ерекше назар аударды.

Біз қазылар алқасына, сондай-ақ байқауға қатысушылардың бәріне алғыс айта отырып, жеңімпаздардың есімдерін жариялаймыз!

Байқауға 1000-нан астам жұмыс келіп түсті, оның ішінен тәуелсіз комиссия 4 аталым бойынша 5 жеңімпазды таңдады.

1) «Білім беруді цифрландыру аясындағы заманауи педагогикалық технологиялар» аталымы бойынша:

Жабаева Айнұр Тынышбекқызы, «Ілияс Жансүгіров атындағы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар № 37 ЖББОМ» КММ информатика пәнінің мұғалімі, Алматы облысы Талғар ауданы Жаңалық ауылы.

Жеңімпаз дипломы мен 500 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықпен марапатталады.

2) «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту» аталымы бойынша:

Құрманғалиев Әлібек Амангелдіұлы, «№ 27 орта мектеп» ММ ағылшын тілінің мұғалімі, Қостанай қ.

Жеңімпаз дипломы мен 500 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықпен марапатталады.

3) «Цифрлық білім беру ортасы жағдайындағы оқушылардың жобалау қызметі» аталымы бойынша:

Матвеев Андрей Николаевич, «№ 26 гимназия» КММ роботтехника мұғалімі, Қарағанды облысы Жезқазған қ.

Жеңімпаз дипломы мен 500 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықпен марапатталады.

4) Биыл сараптама комиссиясына «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту» аталымының финалистері арасынан жеңімпазды анықтау қиынға соқты. Сондықтан жүлдені екі қатысушыға бөліп беру туралы шешім қабылданды. Олар:

Көкеева Гүлвира Серікбайқызы, «№ 33 «Алтын дән» бөбекжай-бақшасы» МКҚК, Нұр-Сұлтан қ., (сөйлеуді дамыту, математика негіздері, жаратылыстану).

Жеңімпаз дипломы мен 250 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықпен марапатталады.

Мунгалова Татьяна Викторовна, «№ 44 бөбекжай-бақшасы» КМҚК, Қостанай қ., (дене шынықтыру).

Жеңімпаз дипломы мен 250 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықпен марапатталады.

Жеңімпаздар 2022 жылғы 23 – 25 мамырда әр қатысушының жұмыс орнында марапатталады.

Байқау талаптарына сай келетін видео-жұмыстарын жолдаған қатысушылар Байқау финалисінің электрондық сертификатын  25 мамырға дейін Bilim (Мұғалім) қосымшасындағы жеке кабинетінің Сертификаттар бөлімінен ала алады.

Байқау жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз!

Ұқсас мақалалар

Жеңімпаздардың байқау жұмыстары - Bilimland.kz Жеңімпаздардың байқау жұмыстары
20.10.2022
«Жаңашыл мұғалім 2021–2022» байқауының екінші кезеңі басталды! - Bilimland.kz «Жаңашыл мұғалім 2021–2022» байқауының екінші кезеңі басталды!
03.03.2022
«Жаңашыл мұғалім 2021–2022» байқауының бірінші кезеңі аяқталды - Bilimland.kz «Жаңашыл мұғалім 2021–2022» байқауының бірінші кезеңі аяқталды
01.03.2022