163 ОҚУШЫ ХІХ «ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

163 ОҚУШЫ ХІХ «ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

2-7 сынып оқушылары арасында ХІХ «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың жаратылыстану - математикалық бағыты бойынша конкурсы қорытындыланды.

Конкурста математика, қолданбалы математика; физика, космос; туризм және спорт; химия, биология; информатика, робототехника, STEM инженерия секциялары бойынша зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар бағаланды.

Конкурстың қорытынды кезеңіне республиканың барлық өңірінен 275 оқушы қатысты. Қазылар алқасының шешімімен 163 жүлделі орын берілді. Оның ішінде І дәрежелі диплом – 41, ІІ дәрежелі диплом – 57, ІІІ дәрежелі диплом – 65, сондай-ақ ерекше жетістіктері үшін берілген грамота – 80.

Естеріңізге салсақ, «Зерде» конкурсының қоғамдық-гуманитарлық бағыты ағ.ж. 30 қаңтар - 1 қаңтар күндері аралығында 369 оқушы арасында өтіп, 209 жүлделі орынмен марапатталған.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ