2022 жылдың негізгі қорытындылары
1495
0
0
04.01.2023
2022 жылдың негізгі қорытындылары
Алдымен балалардың әл-ауқатын жақсарту шаралары туралы.
1. 2022 жылы «Жалпыға міндетті білім беру» қорынан көмек көрсету құралы қайта қаралды. Енді қолма-қол ақша ата-ананың банктегі шотына аударылады. Сонымен қатар әрбір оқушыға ең төменгі қаражат көлемін 37 389 мың теңгеге бекіттік. Жаңа тетік енгізілгенге дейін киім-кешек пен кеңсе тауарлары түрінде көмек көрсетіліп, олардың сапасына қатысты шағымдар болатын. Бұл қаржылай көмекті аз қамтылған отбасылардан шыққан 475 мыңнан астам бала алды.
2. Мектеп автобустарының паркі алғаш рет ауқымды түрде жаңартылды. 515 жаңа көлік сатып алынды! Барлық қауіпсіздік құралымен қамтамасыз етілген арнайы сары автобустар қазір балаларымызды тасымалдап жүр. Бұл автобустар 20 мыңнан астам баланы білім ордасы жоқ елді мекендерден мектепке жеткізу үшін қажет.
3. 2022 жылы Қазақстанда алғаш рет Ережелер қабылданып, баланы буллингтен қорғау құқығы бекітілді. Буллинг - шын мәнінде күрделі проблема. Сарапшылар буллингтің алдын алудың арнайы ережелерін әзірлеп, ал біз оны бекіттік. Бұл бізге буллингке ұшыраған балаларды дер кезінде анықтауға және оларға қажетті көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
4. 2022 жылы тамақтануды ұйымдастыру ережелеріне өзгерістер енгіздік. Азық-түлік бағасын реттеу нормалары бұдан былай құны орташа нарық құнынан жоғары болмауы керек. Білім беру ресурсында тағамдардың, мәзірдің, бағаның фотосуреттерін жариялау бойынша норма кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр, қолма-қол ақшасыз төлем енгізіліп, тамақ пісіру аймағында бейнебақылау міндетті болды, балалардың үйден тамақ әкелу құқығы және мектептің оларға қажетті жағдай жасау міндеті бекітілді.
5. Психологиялық қызмет жұмысының Бірыңғай ережесі қабылданды. Қабылданған Қағидалар психологтардың қызметін нақтылауға, жұмыстың жүйелілігін қамтамасыз етуге, ең бастысы, қағазбастылық көлемін азайтуға және мамандарды міндетіне жатпайтын функцияларды орындаудан қорғауға мүмкіндік береді.
6. Министрлік Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің белсенді түрде көрсеткен көмегімен кәсіби қабылдаушы отбасылар институтын енгізудің заңнамалық нормаларын әзірледі. Бұл балаларға қажетті отбасылық өмір сүру жағдайларын, күтімді және әлеуметтенуді қамтамасыз етеді, сонымен қатар балалар үйіндегі тәрбиеленушілер санын едәуір азайтуға мүмкіндік береді.
7. Мектептерде ерекше балаларға оқу кезінде көмек көрсететін жаңа педагог-ассистент лауазымын енгіздік. Айтпақшы, мектепке дейінгі ұйымдарға да дәл осындай педагог-ассистенттер штатын енгізу жұмыстарын бастап кеттік, бұл мәселе Премьер-министрдің қатысуымен өткен жиында мақұлданды. Осы шешімнің арқасында 1 500-ден астам педагог-ассистент ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға білім беру ұйымдарында болған кезде көмек көрсетіп, мектепке баруға мүмкіндік берді.
8. Соңғы үш жылда ПМПК саны шамамен үштен біріне өсті. Бұл өте маңызды динамика. Бірақ әлі де кезек бар, сол себепті былтыр жаңа заң жобасына бастама жасадық. Осы түзетулер аясында қазірдің өзінде 50 000 балаға бір ПМПК ашудың жаңа стандарты белгіленді. Бұл бізге тағы 36 ПМПК ашуға мүмкіндік береді. Ерекше балаларға көрсетілген үлкен қолдаудың бірі - осы.
9. Жаңа жылдың алдында ерекше қажеттіліктері бар балаларымызға түзету көмегіне бюджеттен мемлекеттік тапсырыс беруге мүмкіндік беретін бұйрыққа қол қойдым. Яғни мемлекеттік ППТК-дан басқа, жекеменшік орталықтар да балаларды оңалту үшін ақша алады. Бұл түзету көмегі арқылы қамтуды арттыруға мүмкіндік береді.
10.АСБ (Аутизм спектрінің бұзылуы) бойынша тиімді жұмыс істеу үшін арнайы Үйлестіру кеңесін құрдық. Біз өңірлердегі аутизм орталықтары желісінің кабинеттерін одан әрі дамытуды жалғастырамыз. Биыл өңірлерде тағы осындай 8 орталық ашуды жоспарлап отырмыз. Диагностиканың да, оңалтудың да бағдарламалары, әдістері мен процедуралары бойынша жұмыс істейміз.
11.Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестердің өкілеттіктері күшейтіледі. Өзгерістер әзірленіп, қолданыстағы бұйрыққа енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
12. Елімізде алғаш рет балалардың әл-ауқатының индексі әзірленді. Индекс балаларға жағдай жасауды кешенді бағалаудың көрсеткіші болады. Ол проблемаларды, халықтың әртүрлі топтарының қажеттіліктерін анықтап, стратегиялық шаралардың тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.
Біз балаларға қатысты саладағы құқық қорғау институтын нығайтып, әр облыста Бала құқықтары жөніндегі уәкілді енгіздік. Олардың негізгі міндеттері балалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою, балалар мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес сектормен өзара әрекет жасау болды.
Мектепке дейінгі білім бойынша.
1. Жыл басынан бері 259 мектепке дейінгі ұйым ашылды. Соңғы үш жылда кезек шамамен 200 мыңға қысқарды. 2022 жылы 35 мың орын ашылса, келесі жылға қаражат қарастырылып, 81 мың жаңа орын құру жоспары бекітілді.
2. Барлық меншік нысанындағы балабақшаға мемлекеттік тапсырыс құны қаңтар айынан бастап 25%-ға өседі. Биыл бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік тапсырыс алатын жекеменшік балабақшалардағы педагогтердің біліктілігін арттыруға кірісеміз.
3. Мемлекеттік тапсырыс алатын балабақшаларға қойылатын талаптарды күшейтетін бұйрық қабылдадық.
Негізгі тармақтарға қысқаша тоқталатын болсақ:
А) Мемлекеттік тапсырыс алғысы келетін барлық балабақшаға қосымша талаптар енгізілген.
Олардың ішінде:
- өрт және терроризмге қарсы қауіпсіздік үшін жағдай жасау, дабыл түймесі мен ішкі дыбыстық ескерту жүйесінің болуы міндетті;
– бейнекамераларды міндетті түрде орнату;
– ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арнайы жағдай жасау;
- балабақша ғимараттары мен үй-жайларының санитарлық нормаларға сәйкестігі;
- балабақшаларды қолайлы пәндік-дамыту ортасын қалыптастыру үшін қажетті құрал-жабдықтармен және жиһазбен жабдықтау;
- медициналық көмек көрсету.
Ә) Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне қойылатын талаптар күшейтілді. Тәрбиешілердің балалармен жұмыс істеу ерекшеліктеріне сәйкес біліктілігі және/немесе білімі болуы қажет.
Б) «Ақша баланың соңынан ереді» қағидасы бойынша мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру тетігі өзгертілді. Бұрын білім бөлімдері мемлекеттік тапсырыс берген кезде белгілі бір балабақшаға нақты орын санын көрсетсе (мысалы, «Балбөбек» балабақшасы - 100 орын, Еркетай - 100 орын), енді барлық қойылатын талапқа сәйкес келетін балабақшалар мемлекеттік тапсырысты алатын ұйымдардың жалпы тізбесіне енгізіледі. Содан кейін ата-аналардың өздері балабақшаға жолдама алғаннан кейін осы тізімнен белгілі бір балабақшаны таңдай алады. Сәйкесінше, балабақшалар ата-аналар қанша орын таңдаса, соған сәйкес қаражат алады.
В) Мемлекеттік тапсырысты алу үшін құжаттар саны қысқартылды. Бұған дейін жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар көп құжатты тапсыру керек болса, қазір олардың тізімі шамамен екі есеге қысқарды. Қалған құжаттар ақпараттық жүйелерден алынады.
Г) Рәсімнің ашықтығын қамтамасыз ету үшін өтінішті және барлық құжатты міндетті түрде бейне және дыбыс жазбасы арқылы комиссия қарайды. Мемлекеттік тапсырысты алу үшін берілген өтінімдер мен құжаттарды енді білім бөлімі сайтта орналастыруы керек. Бұл қоғамның ұсынылған құжаттарды көруі және осы мектепке дейінгі ұйымдардың қандай себептен мемлекеттік тапсырыс алатын балабақшалар тізіміне енгізілгенін көре алуы үшін қажет.
4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа моделіне көшу жүзеге асырылды. Жаңа стандарт, жаңа оқу бағдарламасы енгізілді, онда тәсілдер балаға, оның қызығушылығына бағытталған. Кесте бойынша сабақтар, оқудағы академиялық көзқарас, мұғалімге бағытталған тәсілдер күні бойы ойын арқылы оқытуға, сондай-ақ баланың қызығушылықтары мен тілектерін ескере отырып, қызығушылық орталықтары бар дамып келе жатқан ортада балалардың дағдыларын қалыптастыруға өзгерді.
5. Педагогке түсетін жүктемені екі есе азайтуды және баламен жеке жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз етуді көздейтін «Бір топта күні бойы екі педагог» пилоттық жобасы іске қосылды. Жобаның нәтижелері негізінде мұғалімдердің жалақысын көтеру үшін есептеулер жүргізілді. Жобаны жүзеге асырғанда тәрбиешілер 2 есе жоғары жалақы алды. Ел Президентінің тапсырмалары аясында биыл бұл жобаны кезең-кезеңімен жүзеге асыруды бастау жоспарланып отыр, бұл тәрбиешілердің жалақысын күрт арттырып, жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.
6. Осы жылы балабақша тәрбиешілері жүргізетін міндетті құжаттардың санын барынша азайтатын бұйрыққа қол қойдым.
Енді тәрбиеші мынадай құжаттарды ғана толтырады:
1) оқу жылына арналған перспективалық жоспар (жылына бір рет толтырылады);
2) тәрбие-оқу процесінің циклограммасы (бір аптаға толтырылады);
3) диагностика нәтижелері бойынша баланың оқу жылына арналған жеке даму картасы қажеттілігіне қарай жүргізіледі.
7. Қазір мектепке дейінгі ұйымдарға бірыңғай кезекке тұрудың электронды жүйесі аяқталуға жақын. Бірінші тоқсанда барлық аймақты толықтай қосамыз. Балабақшаға кезекке қою және жолдама алу қызметтерін egov қосымшасына да, екінші деңгейлі банктердің қосымшасына да енгізуді жоспарлап отырмыз.
Орта білім бойынша.
1. Алғаш рет дарынды балаларға ҰБТ-дан өтпей жоғары оқу орындарына түсуге білім гранттары берілді. 2022 жылдан бастап әлеуметтік осал топтан шыққан балаларды мамандандырылған мектептерге қабылдауға квота енгіздік.
2. Былтырдан бастап алғаш рет халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары 4,5 млн теңгеге дейін сыйақы алды. Халықаралық олимпиадалардың 27 жеңімпазы мен жүлдегеріне, сондай-ақ оларды дайындаған 26 мұғалімге сыйақы берілді. Сонымен бірге олар ҰБТ-дан өтпей-ақ жоғары оқу орындарына түсуге грант алды.
Былтыр қазақстандық оқушылар 312 медаль (43 алтын, 95 күміс және 174 қола) жеңіп алды. Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша 920 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды (1 орын – 183, 2 орын – 274, 3 орын – 463).
3. Мемлекет басшысы әлеуметтік осал санаттағы балаларды қолдауды және инклюзивті білім беруді дамытуды тапсырды.
Бұл тапсырманы жүзеге асыру үшін бұйрыққа қол қойдым. Осы құжаттың арқасында әлеуметтік осал топтан шыққан балалар мамандандырылған мектептерге түсуге 15% квота алады. Яғни енді осындай отбасы балалары жаңа квота бойынша «БИЛ», «Дарын» және т.б. мектептерге оқуға түсе алады.
4. Бұған дейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ұсыныстары бойынша колледждер мен университеттерге түсу үшін осыған ұқсас квоталарды енгізген болатынбыз.
5. Аутизм спектрі бұзылған балалардың құқықтарын жүзеге асыру бойынша тиімді шаралар қабылдау үшін Оқу-ағарту министрлігі жанынан Аутизм жөніндегі кеңес құрылды.
6. 2022 жылы 250-ден астам мектеп салынды.
«Жайлы мектеп» жаңа ұлттық жобасы аясында мектептер салу жұмысы жалғасады. 2026 жылға дейін жаңа 842 000 оқушы орнын пайдалануға беру жоспарда бар. Бұл айрықша жобаны жүзеге асыруға 2,6 трлн теңге бөлінді. Ол заманауи, жайлы және сапасы мен жабдықталуы жағынан мүлдем жаңа мектеп болады.
7. Президент оқушылар арасында шахмат қозғалысын дамытудың маңызды екеніне ерекше назар аударып отыр.
Қазір біз мектептерде «Шахмат» факультатив пәнін енгізу және шахмат бойынша қосымша секцияларды ашу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Оқу жылының басынан бері «Шахмат» таңдау пәні ретінде 654 мектепте енгізілді. Оған 28 мыңға жуық бала бара алады. Ал мектептердегі шахмат секцияларының саны 7 мыңға жуықтап, 60 мыңнан астам бала оларға баруға мүмкіндік алды. Біз бұл жұмысты одан әрі қарай да белсенді түрде дамыта береміз.
8. Сонымен қатар қазіргі уақытта балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік тапсырысты орналастырудың заңнамалық нормасы бекітілді, яғни осы тетік арқылы шахмат, робототехника және басқа да секциялармен қамтуды ұлғайту мүмкіндгі бар.
9. Педагогтердің аттестациядан өту ережесіне өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, біліктілік санатын растағаннан кейін 30 және одан да көп жыл жұмыс істеген мұғалімдер ҰБТ-дан босатылады, зейнетке шығуға 4 жыл және одан аз уақыт қалған мұғалімдер қолданыстағы санатты ұзарта алады, ескі жүйе бойынша санаттары бар әріптестер де ҰБТ-сыз модераторға ауысу мүмкіндігіне ие болды.
Санат деңгейін көтеру мүмкіндігін жасау және оған сәйкес жалақының 30-дан 100%-ға дейін қосымша төлемдерді қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымының директорларын ҰБТ тапсырудан босату туралы норма қабылдады. Бұл шара директорларға жалақысын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.
10. Мектептерді кітаппен қамтамасыз ету, кітапханашылардың жұмысын қайта қарау, жұмыс істеп тұрған мектеп кітапханалары мен коворкинг орталықтарын қайта форматтау және жаңадан ашу, сондай-ақ балалар арасында байқаулар өткізу, кітап оқуға 20 минут бөлу және басқа да іс-шаралар ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілді. Екі жылдың ішінде мектептегі кітапханаларымызға 4 млн-ға жуық әдебиет сатып алынды.
11. Мектеп формасына қатысты бұйрыққа өзгерістер енгізіліп, дәстүрлі киімдерден бөлек, ыңғайлырақ киім, дәлірек, кардиган мен тенниска киюге мүмкіндік берілді.
12. «Педагог» жаңа кәсіби стандарты қабылданды.
13. 1000 астам білім беру ұйымының директорлары ротацияланды.
14. Дебат қозғалысы мен мектептің өзін-өзі басқаруы айтарлықтай дамыды. Әр мектепте дебат клубы ашылып, мектеп парламенттері құрылды.
14. Жас мұғалімдерге тәлімгерлік қызметті жүзеге асырудың жаңа ережелерін дайындадық.
15. Жыл соңында мемлекеттік балабақшалар мен қосымша білім беру ұйымдарын (өнер және музыка мектептері, оқушылар сарайлары, балалар технопарктері және басқа да нысандар) жекешелендіруге тыйым салатын заң қабылданды. Бұл норманы қабылдау мұндай ұйымдарды жекешелендіруге жататын объектілердің тізіміне енгізу мәселелеріне нүкте қояды, яғни бұл енді мүмкін болмайды.
16. Магистр дәрежесі бар директорлар мен олардың орынбасарларына қосымша ақы алу мәселесіне нүкте қойдық.
17. 2022 жылы мектептерде кәсіптік бағдар беруші педагог лауазымын енгіздік.
18. Мұғалім тапшылығы бар, білім сапасы төмен өңірлерді мықты кадрлармен қамтамасыз ету үшін алғаш рет арнайы бағдарлама қабылданды. Іріктеуден өткен және осы өңірлерге көшіп келген педагогтерге өзінің негізгі жалақысының 100%-на жалақының 150%-ы мөлшерінде қосымша ақы енгізілді.
19. «Ұстаздық қызметіне адалдығы үшін» жаңа құрмет белгісі бекітілді. Ол білім саласында 25 жыл еңбек еткен барлық ұстазға беріледі.
20. Марапаттардың ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін арнайы «Марапат» ақпараттық жүйесін құрдық. Енді барлық өтініш, марапаттау туралы бұйрық, марапаттарды тіркеу, түпнұсқалығын растау және басқа да жұмыс осы жүйеде жүзеге асырылады.
21. Мұғалімдерді жұмысқа қабылдаудың бірыңғай электронды жүйесін іске қостық. Қаңтар айынан бастап бұл жүйе Шахтинск қаласында сынақтан өтіп жатыр, ал ақпан айынан бастап барлық жұмысқа қабылдауды, конкурстарды осы жүйе арқылы өткізуді жоспарлап отырмыз. Жұмысқа қабылдау кезінде ашықтықты қамтамасыз ету өте маңызды.
22. Үш ауысымда оқитын мектептерді қоспағанда, мектеп директорлары мен орынбасарлары, мектеп мұғалімдері үшін 5 күндік жұмыс аптасы енгізілді. Сенбі енді министрліктің бұйрығымен отбасына, сауығуға, өзін-өзі дамытуға арналған демалыс күні болып бекітілді.
23. 2023 жылдан бастап мұғалімдердің біліктілік арттыру курстарынан өтудің жаңа нормасы іске асырылады. Енді педагогтер 5 жылда бір рет емес, кемінде үш жылда бір рет біліктілік арттыру курсынан өтеді.
24. 2022 жылдың тамыз айынан бастап пәндік курстарды өткізе бастадық. 2023 жылы ұйымдастырылатын курстардың басым бөлігі пәндік курстар болады.
25. 2022 жылдан бастап мемлекеттік тілде оқытатын 1-сыныптарда балалар тек қазақ тілін, ал орыс тілінде оқытатын сыныптарда мемлекеттік және орыс тілдерін оқи бастады.
2-сыныптан бастап қазақша оқытатын мектептерде орыс тілі қосылады. Ағылшын тілі барлық мектепте үшінші сыныптан бастап оқытылады.
26. Балаларға ерте кәсіптік бағдар беру мақсатында 1-сыныпта «Еңбекке баулу» жеке пәні енгізілді.
27. Сондай-ақ мектептерде қосымша факультатив пәндерге байланысты балалар шахматты оқып, домбыра тартуды үйренуге мүмкіндік алады.
Техникалық және кәсіптік білім беру туралы.
1. Жаңа оқу жылынан бастап еліміздің колледждеріне академиялық еркіндік берілді. Енді колледждер жұмыс берушілермен бірлесіп оқу мерзімі мен білім беру бағдарламаларының мазмұнын дербес анықтайды.
2. Бұрын оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жасау кезінде колледждер жалпы үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына байланысты болатын. Олардың мазмұнын тек 50%-ға дейін өзгертуге рұқсат етілді. Сондай-ақ оқу жоспары оқу мерзіміне байланысты болды, ал жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл көбінесе ресми болды және кәсіби тәжірибелер жүргізуден және олардың мемлекеттік аттестаттау комиссияларының құрамында болуынан тұрды.
Колледждерге берілген академиялық еркіндік жағдайды түбегейлі өзгертеді.
Біріншіден, жаңа ережелердің арқасында жұмыс берушілер білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және сараптауға тікелей қатысады. Яғни, колледждер оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жалпы бекітілген стандарт бойынша емес, еңбек нарығының сұранысына, кәсіби стандартқа, аймақ ерекшеліктеріне және т.б. сай қалыптастыра алады.
Екіншіден, колледждерге оқу мерзімін анықтау құқығы берілген.
Егер бұрын оқу мерзімі 2 жылдан 4 жылға дейін өзгеріп, нақты бекітілген болса, енді ол мамандықтың ерекшелігіне және оқу нәтижелеріне байланысты болады.
3. ТжКБ мамандықтар мен біліктілік классификаторы халықаралық талаптарға сәйкес жаңартылды. 180 ТжКБ ұйымы жаңартылған стратегиялық даму жоспарлары бар заманауи оқу жабдықтарымен қамтылған.
4. Өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушыларын ҰБТ тапсырудан босату туралы бұйрық қабылданды. Сондай-ақ өндірістен ауысқан мамандарға ай сайынғы жалақысының 30%-ын құрайтын «модератор» санатын алуға мүмкіндік берілді.
5. Жастарды тегін ТжКБ-мен қамту кеңейтілді. Республикалық бюджет есебінен 2022 жылы мемлекеттік тапсырыс 45 мың орынға ұлғайып, мемлекеттік тапсырыстың жалпы көлемі 125 мың орын болды.
6. 2022 жылы кәсіпорындардың сұранысы бойынша алғаш рет кадрларды мақсатты оқыту енгізілді (бүгінде 10 000 студент қамтылды).
7. Дуальды оқытуды дамыту үшін кәсіпорындарды ынталандыру мақсатында өндірістен тәлімгерлерге еңбекақы төлеу нормасы енгізілді. Сонымен қатар енді дуальды оқыту кезіндегі өндірістік тәжірибеден өту мерзімі студенттің еңбек өтіліне есептеледі.
8. 2022 жылғы желтоқсан айында 2023 жылдың қаңтарынан бастап мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын 130 мыңнан астам қаладан тысқары жерде тұратын студентке қысқы және жазғы каникул кезінде жол жүру ақысына 4 АЕК көлемінде өтемақы алуға мүмкіндік беретін бұйрыққа қол қойдым.
9. 2022 жылғы желтоқсанда «Талапкер» пилоттық жобасы туралы бұйрыққа қол қойылды. 2023 жылдан бастап мектептердің 10-11 сынып оқушылары пилоттық режимде бір уақытта мектепте де, колледжде де оқу мүмкіндігіне ие болады. Түскі асқа дейін мектепте 10-сыныпта оқып, жұмысшы біліктілігіне ие болғысы келсе, онда ол түскі астан кейін бюджет қаражаты есебінен колледжде оқып, қажетті құзыретті ала алады. Бізде орта есеппен 11-сыныптың 55 мыңға жуық түлегі колледждерге түседі. Бұл жоба уақытты үнемдеуге, бос уақытты тиімді өткізуге және мектептегі оқумен қатар жұмысшы біліктілігін алуға мүмкіндік береді деп ойлаймыз.
Министрліктің 2022 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы осындай. 2022 жылдың барлық іс-шарасы мен бастамасын бір жазбаға сыйдыру мүмкін емес. Барлық басталған жоба мен бастама жаңа 2023 жылы жалғасын табады.
Сондай-ақ 2023 жылы негізгі нормативтік актілер бойынша МЖМБС және үлгілік оқу жоспарынан басқа анықтама енгізбеу туралы шешім қабылданды.
2023 жылға арналған ең маңызды міндет – барлық үлгілік оқу бағдарламасы мен мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты жаңарту.
Жыл бойы бағдарламалар мен стандарттар бойынша арнайы топ жұмыс істеп келеді. Көптеген пән, әсіресе бастауыш білім деңгейі үшін үлгілік бағдарламалардың жобалары қазірдің өзінде бар. Қаңтар айында еліміздің түкпір-түкпірінен бірнеше аптаға сарапшыларды (жетекші оқытушылар, ғалымдар, әдіскерлер) шақырып, талқылаулар өткізуді жоспарлап отырмыз.
https://www.facebook.com/askhat.aimagambetov/posts/pfbid0C5zo1Pdzc15zjvj1uTAW9caqQR6GjnaqbbbEsAfykwGjq2arW45592qhMCaKpeCnl
Бастапқы дереккөзге сілтеме:
ҚР БжҒМ