2022 жылдың қаңтарынан бастап балабақша, мектеп және колледж педагогтерінің жалақысы 25%-ға артады. 2022 жылға қарай мұғалімдердің жалақысы тағы 2 есе артады. Айта кетейік, 2020 жылы педагогтердің жалақысы 25%-ға, 2021 жылы тағы 25%-ға өсті. Бұдан басқа, біліктілік санаты үшін қосымша ақылар 30-дан 50%-ға дейін ұлғайтылды. Дәптер тексергені үшін, сондай-ақ сынып жетекшілігі үшін мұғалімдердің жалақысы 2 есе өсті. Тәлімгерлік үшін қосымша ақының жаңа санаты пайда болды. ҚР БҒМ бюджетінің негізгі бөлігі педагогтерге жалақы төлеуге жұмсалады. Педагогтерді ынталандыру мен қаржылық көтермелеу шаралары білім беру ұйымдарын білікті кадрлармен қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл ретте, білім беру сапасын арттыру үшін жағдайлар жасаумен қатар, ведомство педагогтерге қойылатын талаптарды да күшейтеді. Мысалы, педагогикалық мамандықтарға түскісі келетіндер үшін шекті балл 50-ден 75 балға дейін көтерілді. Мамандыққа мықты мектеп түлектері келуі үшін шекті балл ұлғайтылды. Сонымен бірге педагогикалық мамандықтар студенттерінің шәкіртақысы 42 мың теңгеге дейін ұлғайтылды. Барлық инновациялар қазірдің өзінде нәтиже береді. Мәселен, педагогикалық мамандықтарға түскендердің орташа балы 90 балға дейін көтерілген. Сондай-ақ «Алтын белгі» иегерлері арасында мұғалім мамандығын таңдағандар саны 2 есеге өсті. Тағы бір маңызды жәйт, егер бұрын мұғалімдерді жұмысқа қабылдау туралы шешімді мектеп директоры қабылдаса, енді жұмысқа орналастыру процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және педагогтердің біліктілігін арттыру үшін тиісті біліктілік талаптары бойынша электрондық форматта конкурс өткізілетін болады. Бұдан басқа, "Өрлеу” БАҰО қазір педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының қалыптасып келе жатқан жүйесіне белсенді түрде тартылып жатыр, яғни жоғары мектептен бастап еңбек жолының соңына дейін педагог мектеп-педколледж-педагогикалық жоо-біліктілікті арттыру провайдерлері жүйесі шеңберінде дамитын болады. 2021 жылдан бастап педагогикалық мамандық бойынша алғашқы жұмысқа орналасуға үміткерлер кәсіби шеберлік бойынша сертификаттаудан өтеді, яғни дипломнан басқа "Педагог" біліктілігін алу міндеті енгізілді. Бұл шара педагогтер мен менеджерлердің кадрлық әлеуетін жақсартуға мүмкіндік береді. Педагогикалық бейіннің түлектері педагог-модератор біліктілігіне үміткер бола алады. Ол үшін Ұлттық комиссиядан өтіп, білім деңгейін көрсету керек. Жоо-ларды бейіндеу үшін педкадрларды дайындау бойынша талаптар айқындалды: профессорлық-оқытушылық құрам, жұмысқа орналастыру, білім беру бағдарламалары, кәсіптік стандарттар және білім беру бағдарламаларының сапасына қойылатын талаптар.
2022 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАРЫНАН БАСТАП БАЛАБАҚША, МЕКТЕП ЖӘНЕ КОЛЛЕДЖ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 25%-ҒА АРТАДЫ
580
0
1
19.08.2021
Бастапқы дереккөзге сілтеме:
ҚР БжҒМ