2024 жылы психологиялық қолдау орталықтары шамамен 240 000 адамға көмек көрсетті
92
0
0
04.12.2024
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері 2024 жылы еліміздің 20 өңірінде психологиялық қолдау орталықтары жұмыс істей бастағанын хабарлады. Бүгін орталықтар шамамен 240 000 мектеп оқушысы мен олардың отбасыларына көмек көрсетті.
ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан орталық жұмысының тиімділігін бағалау үшін әдістемелік ұсынымдар әзірлеу және мамандардың біліктілігіне қойылатын талаптарды нақтылау ескеріле отырып, жаңа тәсілдер енгізілгенін атап өтті.
«Министрлік орталықтардың қызметін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарды, штаттық кестені, қызметкерлердің біліктілігі мен материалдық-техникалық жабдықталуына қойылатын талаптарды бекітті. Орталықтардың қызметін дамыту үшін жобалық кеңсе құрылды, провайдерлер анықталды. Орталықтан тиісті бақылау күшейтіледі. Барлық әкімдіктер белгіленген алгоритмге сәйкес орталықтардың жұмысын реттеуді жалғастыруда», — деп атап өтті вице-министр Еділ Оспан.
Сондай-ақ, орталықтарды құрудың негізгі мақсаты балалар мен олардың отбасыларының психологиялық әл-ауқатын қолдау және нығайту үшін жергілікті деңгейде психологиялық қызметтің бірыңғай жүйесін құру болып табылатынын еске саламыз.
Бастапқы дереккөзге сілтеме:
ҚР БжҒМ