Асхат Аймағамбетов Ақмола облысының тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді
327
0
0
23.06.2022
Ақмола облысына барып, халық алдында кезекті есеп беру кездесуін өткіздім.
Кездесуге өңірдің 250-ге жуық тұрғыны қатысты.
Жиын кезінде ата-аналар, білім беру саласының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен журналистер өздерін қызықтырған сұрақтарды қоя алды.
Сұрақтар бала асырап алу, инклюзивті оқыту, мектептердегі және ПМПК-дағы қызметкерлердің штаты, білім беру ұйымдарының басшыларын ротациялау, оқу бағдарламаларын жаңартуға қатысты болды. Одан бөлек, студенттерді колледждерде оқыту және оларды оқуын аяқтағаннан кейін жұмысқа орналастыру және т.б. мәселелерге қатысты сұрақтар қойылды.
Кездесуде қатысушылардың қойған сұрақтарына толық және нақты жауап беруге тырыстым. Осы орайда жиынға қатысқан барша ақмолалыққа уақыттарын бөліп келгендері және білім саласына бей-жай қарамағандары үшін алғыс айтқым келеді.
Есептік кездесуден кейін Жоғары техникалық колледж ғимаратында білім басқармасының қызметкерлерімен, аудандардың (қалалардың) білім бөлімдері мен колледж басшыларымен кездестім.
Сондай-ақ әріптестеріміздің жан басына қаржыландыру, мемлекеттік тапсырыстарды бөлу, цифрландыру, төлем стандарттары, студенттерді жұмыспен қамту және т.б. тақырыптарға қатысты сұрақтарына жауап бердім.
Кездесуде әріптестерімнің бірі ауылдағы балабақша директорларына қойылатын біліктілік талаптарын қайта қарауды ұсынды, біз бұл мәселені қарастырамыз. Сонымен қатар әріптестермен бірге талқылаған басқа да ұсыныстар жұмысқа алынады.
https://www.facebook.com/askhat.aimagambetov/posts/pfbid033YwnNh8RPv1wLFVwE2NhL4sh1xwgSVBzFXfnkTMPSBxqQEN5rNhhYiq1P1inkf2Zl
Бастапқы дереккөзге сілтеме:
ҚР БжҒМ