Асхат Аймағамбетов еліміздің барлық өңіріндегі балалар өкілдерімен кездесті.
469
0
0
08.12.2022
Бүгін өз қатарластарының құқығын қорғап жүрген белсенді балалармен кездестім.
Көздері оттай жанып, жігерленіп тұрған балалар өз жобалары жайында айтып, балалар құқығын қорғаудың түрлі аспектілері бойынша зерттеулерін ұсынды.
Дайындық сапасына қатты таң қалдым. Себебі баяндама жасаған баланың барлығы өз тақырыптары бойынша сауалнама жүргізіп, әдебиеттерді қараған, талдау мен нақты ұсыныстар дайындаған.
Балалардың мектептерінде «Оқуға құштар мектеп», дебаттар, мектептің өзін-өзі басқаруы сияқты жобаларымыздың жүзеге асырылып жатқанын естіп, қуанып қалдым. Балалардың көпшілігі осы жобаларға өздері де қатысады.
Олар кәсіптік бағдар беру, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қосымша тетіктері, бала кездегі жарақаттардың алдын алу, инклюзивті білім беруді дамыту, мектеп парламенттерінің өкілеттіктерін кеңейту, балалар үйлеріне қолдау көрсету, арнайы мектеп автобустарын іске қосу, тенниска мен кардигандарды мектеп формасына қосу және т.б. бойынша қызықты ұсыныстарын айтты.
Көтерген ұсыныстары үшін балаларға алғыс айтып, тиісті құрылымдық бөлімшелерге осы мәселелермен жұмыс істеуді тапсырдым.
Мұндай кездесулер балалар мен министрлік арасындағы маңызды диалог алаңы екенін атап өткім келеді. Балалар өкілдерін ынтымақтастыққа, бұдан да белсенді, бастамашыл болып, балалардың мәселелерін шешуге үлес қосуға шақырдым.
Балалар өкілдіктері институты оқушылар арасындағы өзекті мәселелерге жедел ден қою және оларды шешу үшін Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен құрылған болатын. Балалардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі өкілдер білім беру ұйымдарында сайланады.
https://www.facebook.com/askhat.aimagambetov/posts/pfbid02h5Gfb1Vh2zJuX7X17mdsHgQ9zzynfSkVserJmDzDJhEFBdZ3ZPD7YRV7KRaJfP4gl
Бастапқы дереккөзге сілтеме:
ҚР БжҒМ