Кеше «Qazaqstan» телеарнасындағы «Жедел желі» жаңа жобасының алғашқы шығарылымына қатыстым.
75 минут ішінде жүргізуші мен 4 модератор тікелей эфирде өткір әрі өзекті сұрақтар қойды. Сонымен қатар көрермендердің өздері де сұрақтарын Skype, Telegram, WhatsApp және басқа да желілер арқылы қоя алды.
Әр өңірдің тұрғындары көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алу мүмкіндігіне ие болғаны қуантады.
Телеарнаның ұжымына сұхбаттың қызықты әрі қажетті форматына шақырғаны үшін алғыс айтамын.
Бағдарламаға жоғары рейтинг пен тұрақты көрермендер тілеймін!