Әр адамның өмірінде оның алғашқы ұстазы ерекше орын алады. Алғашқы ұстаздың бала өміріндегі рөлі, әсіресе, бүлдіршіндер бастауыш сыныптан 5-сыныпқа ауысқан кезде байқалады. Менің алғашқы ұстазым Любовь Валентиновна Гомзелева болды. Ол адамның әдемі жазуы мен әсем күлкісі әлі күнге дейін есімде. Бастауыш сыныптарда оқып жүргенімізде өзімізді ерекше сезіндік, мұғалімнің оқушыларға деген қамқорлығы мен сүйіспеншілігін көріп өстік. Сыныптағы әр оқушы мұғалімнің қолдауы мен махаббатын сезіп, өзін ерекшемін деп ойлауы — бұл педагог бойындағы ерекше бір қасиет болар. Тарих пәнінің мұғалімдері Марат Исабекұлы мен Тыныштық Нұрбекқызының сабақтары өте қызықты өтетін. Шетел тілі мұғалімі Алла Васильевнаның есімі жадымда сақталып қалды. Сондай-ақ орыс тілі пәнінің мұғалімі Любовь Ивановна да есімде. Ерекше қатал және талапшыл мұғалім еді. Мұғаліміміздің «қанатты сөздері» бүгін біздің де сөздік қорымыздан табылып жатады. Жоғары оқу орнында оқып жүрген кездегі оқытушыларым да керемет жандар болды. Олар студенттердің жеке тұлға болып қалыптасуларына айтарлықтай әсер етті. Қазан айының бірінші жексенбісінде елімізде Мұғалімдер күні атап өтіледі. Кәсіби мерекеге орай Білім және ғылым министрлігі #Ұстазыңдықұттықта акциясын бастады. Баршаңызды ұстаздарыңызды құттықтап, жылы лебіздеріңізді білдіруге шақырамын. https://www.facebook.com/1120704037/posts/10219080319815153/?d=n
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Ұстазыңды құттықта» акциясына қатысты
636
0
0
30.09.2021
Бастапқы дереккөзге сілтеме:
ҚР БжҒМ