Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің сұхбаты
561
0
0
24.08.2021
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов:
- БИЫЛҒЫ ЖЫЛЫ ҚАБЫЛДАНҒАН ШАРАЛАРДЫҢ АРҚАСЫНДА ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТКЕ БАРҒАНДАРДЫҢ САНЫ КҮРТ ТӨМЕНДЕДІ (ҰБТ ТУРАЛЫ)
- АЛҒАШҚЫ ВИДЕОНЫ ҚАРАҒАННАН КЕЙІН 40-ҚА ЖУЫҚ ТАЛАПКЕРДІҢ НӘТИЖЕСІ ЖОЙЫЛДЫ
- БІЗДІҢ ЕНГІЗГЕН, ҚАБЫЛДАҒАН ШЕШІМДЕРДІҢ АРҚАСЫНДА ЖАЛҒАН ҚҰЖАТТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША ЗАҢБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫ АЛЫНДЫ
- БІРЕУГЕ БЕРІЛІП ОТЫРҒАН «АЛТЫН БЕЛГІ» ЕМЕС ҚОЙ. БІЗДІҢ МЕКТЕПТЕРДІ БІТІРІП, 11 ЖЫЛ БОЙЫ ЖАҚСЫ ОҚЫП, АТТЕСТАТЫН АЛЫП ОТЫРҒАН БАЛАЛАРДЫ ҚОЛДАУДЫҢ БІР ТЕТІГІ ДЕП БІЛУ КЕРЕК.
БІЗ ОСЫ ТАЛАПТАРДЫ ӘРІ ҚАРАЙ ҚАТАЙТУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ («АЛТЫН БЕЛГІ» ТУРАЛЫ)
- БІЗДЕ БІРАЗ ӨЗГЕРІСТЕР ПАЙДА БОЛДЫ. САБАҚТАРДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗУ, ӘРТҮРЛІ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУ. БІЗДІҢ МҰҒАЛІМДЕРІМІЗДІҢ ДЕ, ЖАЛПЫ СТУДЕНТТЕРІМІЗ БЕН ОҚУШЫЛАРЫМЫЗДЫҢ ДА ЦИФРЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІ ӘЛДЕҚАЙДА ДАМЫДЫ ДЕП АЙТА АЛАМЫЗ. БІЗ ТЕК ҚАНА СОЛ 2020 ЖЫЛДЫҢ БАСЫНДА БОЛҒАН ФОРМАТҚА КӨШУ ЕМЕС, СОЛ ЖИНАҒАН БАРЛЫҚ ТӘЖІРИБЕМІЗДІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, ПАНДЕМИЯНЫҢ САБАҚТАРЫН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, ДӘСТҮРЛІ ФОРМАТҚА КӨШУ
- БІЗДЕ АЛДЫҢҒЫ ОҚУ ЖЫЛЫ 25 МАМЫРДА АЯҚТАЛДЫ. БІРАҚ 25-ШІ МАМЫРДАН БАСТАП 19-ШЫ МАУСЫМҒА ДЕЙІН ЖАЗҒЫ МЕКТЕПТІ ӨТКІЗДІК. ОЛ ЖАЗҒЫ МЕКТЕП НЕ ҮШІН БОЛДЫ? ЖАЗҒЫ МЕКТЕП КЕЗІНДЕ ОФЛАЙН ФОРМАТЫНДА БАЛАЛАР МЕКТЕПКЕ КЕЛІП АЛДЫҢҒЫ ЖЫЛЫ ТҮСІНБЕГЕН ТАҚЫРЫПТАРЫН ҚАЙТАЛАУҒА УАҚЫТТАРЫ БОЛДЫ. КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ ДА ӨТКІЗЕМІЗ
- 4 ТОҚСАНДА 2 МЛН-ҒА ЖУЫҚ БАЛА ОФЛАЙН ФОРМАТТА ОҚЫДЫ. СОНДЫҚТАН ЖАЛПЫ 1,5 ЖЫЛ БАРЛЫҚ БАЛАЛАР ТЕК ҚАНА ОНЛАЙН ОҚЫДЫ ДЕП АЙТУ ДҰРЫС ЕМЕС. ӨЙТКЕНІ, БІЗДЕ АРАЛАС ФОРМАТ БОЛДЫ
- БАЛАЛАР ДҮКЕНДЕРГЕ ШЫҒЫП ЖҮРГЕН ЖОҚ ПА? БАЛАЛАР САЯБАҚТАРҒА БАРЫП ЖҮРГЕН ЖОҚ ПА? БАЛАЛАР ДАЛАҒА ШЫҒЫП, ӨЗІНІҢ ДОСТАРЫМЕН АУЛАДА ОЙНАП ЖҮРГЕН ЖОҚ ПА? ФУТБОЛ ОЙНАП ЖҮР, ДАМЫТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНА БАРЫП ЖҮР. БАЛАЛАР БІР-БІРІМЕН АРАЛАСЫП ЖҮРГЕНДІГІН КӨРЕ ТҰРЫП, БІЗ СҰРАМАЙМЫЗ ҒОЙ «КӨРШІНІҢ АТА-АНАСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ МА, АЛҒАН ЖОҚ ПА?», - ДЕП, МЫСАЛЫ. АЛ БІЛІМГЕ КЕЛГЕНДЕ «ЖОҚ, БАЛАМДЫ САБАҚҚА ЖІБЕРМЕЙМІН» ДЕГЕН... ЕҢ БІРІНШІ, АТА-АНА ӨЗІНІҢ БАЛАСЫНЫҢ БОЛАШАҒЫН ОЙЛАУ КЕРЕК
- 1 ҚЫРКҮЙЕК КҮНІ МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАП ОТЫРҒАН БАЛАПАНДАРЫМЫЗҒА «ӘЛІППЕ» ЕҢ АЛҒАШҚЫ ОҚУЛЫҒЫ РЕТІНДЕ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ТАБЫСТАЛАДЫ
- ӨТЕ КЕРЕМЕТ КӨРСЕТКІШТЕРІ БАР, ТИІМДІ ДИРЕКТОР ЕКЕНІН ДӘЛӘЛДЕЙТІН БОЛСА, ОЛ ЖАЛАҚЫСЫНА ҚОСЫМША 100% ҮСТЕМАҚЫНЫ АЛЫП, АРЫ ҚАРАЙ 3 ЖЫЛ СОЛ МЕКТЕПТЕ ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ МҮМКІНДІГІ БАР
- МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫ МҰҒАЛІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАЙДЫ, БІРАҚ ЕНДІ «МЕН МЫНА МҰҒАЛІМДІ ҚАБЫЛДАЙМЫН, МЫНА МҰҒАЛІМДІ ҚАБЫЛДАМАЙМЫН», - ДЕП ӨЗІ ЖЕКЕ СУБЪЕКТИВТІ ТҮРДЕ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАМАЙДЫ
- БІЗ КӨТЕРІП ЖҮРГЕН МӘСЕЛЕ КІТАПХАНАШЫЛАРДЫҢ ЖАЛАҚЫСЫ, МЕКТЕПТЕ ІСТЕЙТІН БАСҚА ДА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МӘСЕЛЕСІ. МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ КІТАПХАНАШЫЛАР БОЙЫНША ТАПСЫРМА БЕРДІ. ТИІСТІ МӘСЕЛЕ ҚОЛҒА АЛЫНЫП ЖАТЫР
- СТУДЕНТТЕР АПТА САЙЫН ПТР ТАПСЫРУ КЕРЕК ДЕГЕН ЕРЕЖЕ ЖОҚ
- АТА-АНАЛАР ЕРТЕҢ БАЛАМ ҚАЙ ЖОО-ДА ОҚИДЫ, ҚАНДАЙ МАМАН ИЕСІ БОЛАДЫ, ДЕГЕНДЕ ОҚУ АҚЫСЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІ НЕМЕСЕ САБАҚҚА БАРМАУҒА БОЛАТЫНЫ ӘЛДЕ ТАЛАПТЫҢ ЖЕҢІЛ БОЛАТЫНЫ ТУРАЛЫ ЕМЕС, ЕҢ АЛДЫМЕН ЖОО-НЫҢ БІЛІМ САПАСЫ, РЕПУТАЦИЯСЫ ТУРАЛЫ ОЙЛАНУЫ КЕРЕК
Бастапқы дереккөзге сілтеме:
ҚР БжҒМ