2023 жылдың қыркүйегінде 250 мың колледж студентінің шәкіртақысы 50%-ға өсті. Биыл қатары 300 мыңға жуықтаған студенттің стипендиясы тағы 50 пайызға артады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.«Орта буын мамандықтарының студенттері қазіргі 31 422 теңгенің орнына 41 896 теңге алады. Жұмысшы біліктілігі бар студенттер үшін шәкіртақы 32 681 теңгеден 43 574 теңгеге дейін көтеріледі», - деді ТжКБ бас сарапшысы Дархан Сатанов.Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттерге тамақ пен жолақы сияқты әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Естеріңізге сала кетейік, еліміздегі колледждерде барлығы 542 мың студент оқиды. Оның 344 мыңы тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған.
БИЫЛ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ ТАҒЫ 50%-ҒА ӨСЕДІ
296
0
0
19.02.2024
Бастапқы дереккөзге сілтеме:
ҚР БжҒМ