ХIV республикалық «Зерде» конкурсы өтеді

ХIV республикалық «Зерде»  конкурсы өтеді

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2019 жылдың 30қантар мен 1 ақпан аралығында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы базасында (Ақмола облысы, Щучье қаласы) 1-7 сынып оқушыларына арналған зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының ХIV республикалық «Зерде» конкурсын өткізеді.

Конкурсты өткізудің басты идеясы - 1-7 сынып оқушыларының зертеушілік қабілеттерін қалыптастыру және интеллектуалдық шығармашылық  әлеуетін ынталандыру.

Қонкурстың басты міндеттері:

ғылыми-зерттеу жұмыстарына қабілетті дарынды оқушыларды іздеу және оларға қолдау көрсету;

- оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту;

- оқушылардың ғылым негіздеріне қызығушылығын ынталандыру.

Конкурс жұмысы 8 секцияда өтеді: қазақ тілі мен әдебиеті; орыс тілі мен әдебиеті; математика, информатика; физика, техника; медицина, психология; тарих,өлкетану, этномәдениеттану; химия, биология, экология валеология.

Аймақтық іріктеу кезеңіне 26 000 оқушы   18 000 жоба жұмысымен қатысты.

Конкурстың  Ережесі бойынша аймақтық іріктеу кезеңінен өткен жеңімпаздар мен жүлдегірлер қорытынды республикалық кезеңіне қатысады. Сондықтанда, ХIV республикалық «Зерде» конкурсына  530 оқушы 420 жоба жұмысымен қатыспақ.

Конкурста жеңімпаздармен мен жүлдегерлер «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар және конкурстың логотипі салынған футболкалар беріледі.

Республикалық конкурстың ашылу салтанаты 2019 жылы 30 қантар күні сағат 14.30-де «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы спорт залында өтеді.

Дереккөз: edu.gov.kz